Венера Нығматулина Ибрагимқызы (1962 жылы 10 тамыз)

 Венера Нығматулина Ибрагимқызы (1962 жылы 10 тамыз)

Венера Ибрагимқызы Нығматулина (1962 жылы 10 тамызда Алматыда туған) — танымал кино актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Кино өнері мамандығы бойынша Философия ғылымдарының докторы (2007 жылдан).
Венера Ибрагимқызы 1962 жылы 10 тамызда Алматыда дүниеге келген.
Әкесі - Ибрагимов Махмұд Жүсіпұлы (1938 жылы туған), зейнеткер.
Анасы - Ибрагимова Жанат (1938 жылы туған), зейнеткер.
1990 жылы Ташкент мемлекеттік көркем-театр институтының режиссерлік факультетін "театр және кино режиссері" мамандығы бойынша бітірген.
Орыс және ағылшын тілдерін біледі.
2002 жылдан «Шәкен Жұлдыздары» продюсерлік орталығы ЖШС бас директоры әрі («Звезды Шакена») Алматы халықаралық кино байқауының бас директоры.
2000 - 2002 жылдары Қазақстан Кинематографистер одағының вице-президенті.
КСРО және Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1987 жылдан).
2003 жылдан ҚР-да кино өнімін іріктеу және шығару жөніндегі сараптамалық-өндірістік комиссияның мүшесі.
2003 жылдан ҚР Спорт және туризм агенттігтері мен Халықаралық спорт ойындары шектерінде ұйымдастырылған спорт жайлы фильмдер байқауы қазылар алқасының төрайымы.
Кино рөлдері
1979 жылы Ш.Бейсембаевтың «Невозможные дети» - Айгүл;
1979 жылы Б.Шмановтың «Невеста для брата»
1980 жылы Д.Манабаевтың «Родные степи»
1981 жылы В.Пусурмановтың «Прощай, красавица»
1981 жылы М.Үбікеевтің «Провинциялық роман» - Гуля («Қырғызфильм»,1981);
1982 жылы Э.Ешмухамедовтың «Қысқы тұмандар уақыты» («Тәжікфильм», 1982);
1981 жылы Г.Базаровтың «Бөтеннің бесі» - мұғалім Нәсиба Кәрімқызы («Өзбекфильм», 1981);
1982 жылы Б.Шәмшиевтің «Қасқырдың апаны» - Мариям («Қырғызфильм», 1982);
1987 жылы Д.Соданбектің «Гибель во имя рождения»
1987 жылы Б.Радждың «Нокдаун» («Қырғызфильм»)
1987 жылы С. Нарымбетовтың «Зять из провинции» («Қазақфильм»);
1988 жылы М.Үбікеевтың ; «Той» («Қырғызфильм»);
1989 жылы М.Ага-Мирзаевтың «Бәріміз де шамалы атпыз» («Өзбекфильм»);
1991 жылы Б.Омаровтың «Восточный коридор или рэкет по...» («Өркен фильм»);
1992 жылы Ж. Серікбаевтың «Өмір - Әйел» («Фортуна-фильм») фильмдері;
1996 - 2000 жылдары «Перекресток» телехикасы - Мәдина Омарова.
«Программа 24», «Қазақстан кинематографистерінің шығармашылық портреттері», «Я Вам пишу...» телебағдарламаларының продюсері, сценарийінің авторы, жүргізушісі.
Толық метражды «Кімсіз, Ка мырза?» ойын фильмінің («Қазақфильм», 2009) продюсері.
«Ощущение предвкушения» («Қазақфильм») деректі фильмінің сценарий авторы және режиссері.
Марапаттары
1987 жылы КСРО Киноматографистер Одағының мүшесі
2001 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 10 жыл" медальі
2007 жылдан «Кино өнері» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы.
2008 жылы Елбасының жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталған.
2013 жылы ҚРтұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
Жеке қасиеттері
Діни көзқарасы - «Діндар емес, бірақ ортақ жасампаз бастаудың бар екендігіне сенетін адам».
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Идеалды саяси қайраткер саяси техника генийі, тәжірибесі бар, осы тәжірибені саралау үшін қажетті әмбебап санасы және оны қолдану үшін күш-қуаты бар шебер әртіс болуы тиіс».
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «АІеа jacta est - Spero meliora».
Хоббиі - кітап оқу, фильмдер көру, ән айту.
Сүйіп оқитын әдебиеті - өз-өзін жетілдіру бойынша әдістемелік әдебиет.
Қызы - Нығматулина Линда; ұлдары - Эльдар, Альтаир.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!