Сценарий: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы көрініс

Сценарий: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы көрініс

Көңіл толқыны күйі ойнап тұрады.
Сахнада балалар көңілді жүріп жүреді.

Жамбыл: Достар, достар! Газет!!! Жаңалықтар!!! Қазақ КСР ның ККП-ның бас хатшысы Қонаевті алып орнына Колбинді қоймақшы!!
Диана: Колбин!!! Қайдағы Колбин? Кім ол өзі!
Айдана: Кім ол өзі? Қайдан келді!
Бексұлтан: ол дұрыс емес! Қазақ елін өзіміздің Қазақстандық азамат басқару керек!!
Айгерим: Біз демократияны талап етеміз!
Бәрі бірге: Жол Колбинға билік бермейміз! Жүріңдер қыз жігіттер алаңға, көтеріліске шығайық!
Оқушылар орындарынан тұрып сахна артына киінуге кетеді.

Автор: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Барлық қатысушылар ортаға шығады қолдарында плакаттар!

КОЛБИНГЕ БИЛІК БЕРМЕЙМІЗ! МЫ ЗА СВОБОДНОЕ СБЛИЖЕНИЕ! Тб!
Балалар дауыстап, айқайлап шығады.
Балалар бәрі бірге: Елбасымыз қазақ болсын!» «Тәуелсіз ел болғымыз келеді».
Бексұлтан/ Қайрат: Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болу керек!!!
Өзге ұлттың өкіліне ел басқартпаймыз!!!
Біздің дауыс беруге құқығымыз бар!!!
Елбасымызды өзіміз таңдаймыз!!!
Совет билігіне бағынбайыз!!!

Сахнаға милиция қызметкерлері шығады. (Әділхан-майор, Жарылқасын, Нияз) қолдарыңда дубинка.

Әділхан/майор: Қане, тарандар!
Жарты сағат уақыт береміз, әйтпесе жақсылық күтпеңдер!! Тараңдар.
Жастар: Бізге тәуелсіздік керек!!!
Әділдік керек!!! Тарқамаймыз!!
Милиция бәрін ұрып-соғып алып кетеді.

Автор: Ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң өзгерессіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт не сор іздеп табады.
...Дүиені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады,
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.


Сахнаға Желтоқсан құрбандарының суреттерің ұстап балалар шығады.
Бір минут үнсіздік.

Алмат/ Назарбаев: Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек.

Ақмола облысы Астрахан ауданы
«Жалтыр №2 орта мектебі» ММ
ТІ меңгерушісі А.Досаева


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

  • 0


Теги

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы көрініс 1986 жылгы желтоксан окигасы туралы коринис 1986 жылгы желтоксан окигалары 1986 жылгы желтоқсан окигасы сабақ жоспары 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы сценарий қазақша сценарийлер жинағы: 16 желтоқсан - тәуелсіздік күні (ар намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан), 16 желтоқсан - тәуелсіздік күні (ар намысым, қазақша сценарийлер жинағы: 16 желтоқсан - тәуелсіздік күні, (ар намысым, мақтанышым – желтоқсан) на казахском, сценарий на казахском языке декабрь, сценарий на казахском языке 16 декабрь, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы сценарий, 1986 жылгы желтоксан окигасы сценарий, 1986 жылгы желтоксан окигасы ашык сабак, кайрат рыскулбеков туралы сценарий, сценарий 16 декабря день независимости на казахском, 16 декабрь день независимости казахстана сценарий на казахском языке, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы көрініс, 1986 жылгы желтоксан окигасы туралы коринис, 1986 жылгы желтоксан окигалары, 1986 жылгы желтоқсан окигасы сабақ жоспары
Комментарии для сайта Cackle