Арман Бердалин Тілектесұлы (10 желтоқсан 1983 жылы)

 Арман Бердалин Тілектесұлы (10 желтоқсан 1983 жылы)

Арман Тілектесұлы Бердалин (10 желтоқсан 1983 жылы, Айсары ауылында туды) — айтыскер, ақын, жазушы, саясаттанушы. Ұлты — қазақ, діні — ислам.
Өмірбаяны
Арман Тілектесұлы Бердалин 10 желтоқсан 1983 жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Айсары ауылында туды. Біржан сал атындағы өнер колледжін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетін бітірген (2004). Красный Яр кентіндегі Мәдениет үйінің директоры (2007). 1992 жылы өткен «Әнші балапан» конкурсының жеңімпазы. Абайдың 150-жылдығына (1995), Қарасай батырдың 400 жылдығына (1998), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 110-жылдығына (2003), Мағжан Жұмабаевтың 110-жылдығына (2003, 2-ші орын), Сейтен Сауытбаевтың 95-жылдығына (Гран-при), Көкен Шәкеевтің 80 жылдығына (Гран-при, 2004), Шығанақ Берсиевтың 125-жылдығына (Гран-при, 2006), Қостанай облысының 70-жылдығына (Гран-при, 2006), Қарағанды облысының 70-жылдығына (2007), Ақмола облысының 70-жылдығына (2009) арналып өткізілген көптеген өңірлік, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған «Жас толқын» фестивалінде 1-орын алды. Ресейдегі Қазақстан жылына (Мәскеу, 2004) арналып өткізілген халықаралық ақындар айтысына қатысқан.
2001 жылдан бастап «Реквизит» ЖШС «Бұқпа» газетінің тілшісі. 2002 жылдан бастап «Камирас» ЖШС «Алаш үні» республикалық газетінің тілшісі. 2006 жылдан бастап «Көкшетау» МС фольклорлық ансамблінің жетекшісі. 2007 жылдан бері Көкшетау қаласының мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің «Көкше» МС директоры. С. Сауытбековтың 95-жылдығына орай Республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері (СҚО) (2003); К. Шәкеевтың 80-жылдығына орай Республикалық ақындар айтысының бас лауреаты (2004), сондай-ақ Қарағанды облысындағы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және т.б. қалалардағы республикалық жас ақындар сайыстарының бірнеше мәрте лауреаты. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Гүлденген мемлекет». Хоббиі — бильярд ойыны, кітап оқу, өлең жазу.
Еңбектері
«Айсары» кітабы (2004).
«Қазақ пен арақ» кітабы (2008).
Отбасы
Әкесі — Бердалин Тілектес Ибраһимұлы — зейнеткер, түрлі жұмыстарды атқарған.
Анасы — Бердалина Гаухар Ахмерқызы — зейнеткер, түрлі жұмыстарды атқарған.
Жұбайы — Бердалина Алуа Жамбылқызы (1984 жылы туған), «Арқа ажары» газетінің тілшісі.
Үлкен ұлы — Тілектес Темірұлан Арманұлы (2004 жылы туған).
Кіші ұлы — Тілектес Марғұлан Арманұлы (2007 жылы туған).
Қызы — Тілектесова Мөлдір Арманқызы (2009 жылы туған).


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!