Бекарыс Шойбеков (1976 жылы 14 сәуір)

 Бекарыс Шойбеков (1976 жылы 14 сәуір)

Бекарыс Шойбеков (14.4. 1976 жылы туған, Отырар ауданы) – айтыскер ақын. Шойбеков – айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері . Ол 1976 жылдың 14-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп оны 1997 жылы оқуын тәмәмдайды. Еңбек жолын 1999-2003 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы университетінде аударма орталығында аудармашы болып бастайды. 2003-2006 жылдары Халықаралық қатынастар бөлімінің басшылығына тағайындалады. 2006-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Түркология ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері болса, 2009-2015 жылдары «Өнер мектебі» МКҚК-ның директоры болып қызмет етті. 2015 жылдан бастап Түркістан қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің басшылығында. Бекарыс Ақсақалұлы Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстарының бас жүлдегері атанған елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын. Бекарыс Ақсақалұлы 2001 жылы ҚР «Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2011 жылы «ҚР Тәуелсідігіне 20 жыл» мерекелік медалдарымен, 2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол Отырар ауданы мен Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері.
Өмірбаяны
Халықаралық қазақ-түрік университетін (1997), осы университеттің магистратурасын (1999), аспирантурасын (2002) бітірген.
1988 жылдан облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып келеді.
Дүниежүзілік жас түрік жазушылары одағының Қазақстандағы өкілі.
Қазір Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы.
Жетістіктері
Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыс
Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республика айтыс
Ташкент және Түркістан қалаларында өткен Түркістанның 1500 жылдығына арналған халықараралық айтыстар
«Ұлытау үні» фестивалі
2004 ж. Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы
Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстың бас жүлдегері.
Марапаттары
«Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі
Отырар ауданының құрметті азаматы
Оңтүстік Қазақстан облысының 2004 жылғы ең үздік ақыны


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!