Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева

 Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева – өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай жүрген қос әнші. 2000 жылдардың басында танысқан жұлдызды жұп жеті жылдан кейін шаңырақ көтеріп, қазір көпке үлгілі отбасы, алтын асықтай төрт ұл тәрбиелеп отырған жайы бар.
Тоқтар Серіков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1999 жылы қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Әнші, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер. Әкесі осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған, ал анасы Маруся Назарбекқызы Алматыға немерелерін көруге жиі келіп тұрады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген, бірақ бүгінде тек тоғыз баласы ғана қасында. Әншінің әке-шешесі өнерден құр алақан емес, марқұм әкесі жас кезінде тойларда асаба болып, домбыра тартқан өнерлі жан болған екен.
Тоқтар Серіковтің аяулы жары Бейбіт Сейдуалиева 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. Тараз қаласындағы М.Дулати атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған. Бейбіт те Тоқтар сияқты көп балалы отбасынан шыққан. Анасы біраз жыл бұрын дүниеден озған, ал әкесі екінші рет шаңырақ көтеріпті.
Тоқтар мен Бейбіт қалай танысты?
Бұл жұлдызды жұпты өнер табыстырды десе де болады. Ерлі-зайыпты алғаш рет Алматыда өткен "Нұр-Мұқасан" тобының концертінде танысады. Ол кезде Тоқтар Серіковтің енді ғана аты шығып, елге таныла бастаған шағы.
"Нұр-Мұқасан кешінде отырсақ, қаршадай қара қыз сахнаға шығып, "Өткен күндер-ай" деген әдемі әнді орындады. Қасымда Лұқпан Жолдасов отырған еді. Сол екеуміз "мына қыз керемет әнші екен" деп біраз әңгіме қылдық. Содан кейін осы қызды іздей бастадым. Бір күні кездейсоқ студияда жолығып қалдық. Сол кезде өнерге деген құлшынысы, ізденісі мықты екенін байқадым", - деп еске алады әнші сұқбаттарының бірінде.
Алғашқы таныстықтан кейін қос әнші ұзақ уақыт аға-қарындас болып араласады. Бірде Тоқтар Серіков концертінде қыз баламен қосылып, ән айтпақшы болып, өзіне жақсы жұп болатын әншіні іздей бастайды. Ұзақ ойланып, өнердегі ағаларымен ақылдаса келе, таңдауы Бейбітке түседі. Сөйтіп екеуі алғаш рет дуэт болып, "Өзің ғана" деген әнді шырқайды.
"Сол әнді орындағаннан кейін-ақ, халық бізді қосып қойды. "Екеуі кездеседі екен, көңіл жарастырған екен" деген сияқты түрлі өсек тарады. Басында Бейбіт жылайтын, ел бізді өсек қылып жүр деп. Ақыр аяғында сол өсек шындыққа айналды", - деп күледі әнші Тоқтар.
"Кукла Борбиге" айналған Бейбіт
Бейбіт Сейдуалиева орыс тілді балабақшаға барып, орыс мектебін тәмамдаған екен. Содан болса керек, қазақ тілін жетік білмей, ана тілінде ойын толық жеткізе алмайтын кездері болған. Тіпті қазақша әндердің сөзін марқұм анасы орысшаға аударып, мағынасын түсіндірген екен.
"Педагогика факультетіне оқуға түскен кезде, орыс бөлімі болмай, қазақ тобына түстім. Сол кезде қатты қиналғаным есімде. Алайда өз ана тілім ғой, білмегенім ұят қой деп, үйренуге тырыстым", - дейді Бейбіт.
Тоқтармен танысқан кезде, болашақ жары "айтқан әніңді қалай түсінбейсің" деп ренжиді екен.
"Ал қазір, керісінше, орысша сөйлеуден қалдым. Өйткені үйде бәріміз тек қазақ тілінде сөйлейміз", - дейді ол.
Ал "кукла Барби" емес, Борби атануын әнші былай деп күліп еске алады:
"Бір күні Тоқтар маған өзінше орысша сөйлеп, мақтау сөз айтқысы келді. Сөйтіп тұрды да "сен кукла Борбиге ұқсайсың" демесі бар ма. Сол кезде ішек-сілегім қатып күлдім. "Не болды, бір нәрсе бүлдіріп қойдым ба, неге сонша күлдің?" дейді. Кукла Борби емес, Барби дедім. "Барби деген біртүрлі ғой, барбиып тұратын сияқты, Борби әдемі естіледі" деді. Содан "кукла Борби" болып кеттік".
Айтуынша, жұбайының телефонында әлі күнге дейін "Борби" деп сақтаулы екен.
"Арамызды әдейі бұзғандар болды"
Тоқтар мен Бейбіт шаңырақ көтергенге дейін жеті жыл бойы аға-қарындас ретінде араласқан. Арадағы достық сезім кейін ғашықтыққа ұласады. Сол алты-жеті жылдың ішінде жұлдызды жұптың арасына от салып, бір-біріне қарсы қойғандар да болған екен.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?