Гауһар Әлімбекова (1971 жылы)

 Гауһар Әлімбекова (1971 жылы)

Әнші- сазгер Гауһар Әлімбекова 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай өңірінде көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ол гитарада ойнауды 9-сыныпта оқып жүргенде үйренген. Ең алғаш шығарған әні «Сағыныш сазы» деп аталады. Алғаш рет Гауһар жас сазгерлердің «Үкілі үміт» байқауында жарқ етіп көрініп, Исраил Сапарбай, Секен Тұрысбеков, Мұрат Құсайынов ағаларының батасын алды.
Гауһар Әлімбекова өзге әріптестері сияқты сахнаға орынды-орынсыз шыға бергенді ұнатпайды. Журналистерге де жиі сұхбат беруден бас тартады. Мұның себебін әнші бір сұхбатында былай түсіндіреді: «Ауыз толтырып, ел-жұртқа айтатындай тың жаңалықтар болмағаннан кейін, журналистерге қайта-қайта не айта бермекпін?! Бас тартатыным – сол. «Өнер жолы – ауыр жол» дегенді қайта-қайта қайталап, газет-журналға орынсыз жылтыңдап шыға бергенді жақтырмаймын».
2015 жылы «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында әнші-сазгер «ешкімнің орнына деп таласпаймын. Өйткені, өнерде өз орным бар. Сахнадан көрінбей кетсем, мені іздейтін тыңдармандарым бар екенін білемін» деді.
Әнші сахнаға басқалардай күнде шықпағанымен, көп уақытын ән жазуға арнайды. Оның айтуынша, ең әдемі, ең әсерлі деген әндері мұңайып, қатты құлазыған сәттерінде дүниеге келеді екен. Ең қызығы, Гауһар өзінің әндерін әншілерге сатпайды, тегін береді. Бастысы, жүрегін жарып шыққан туындыларының бағы жанып кетсе екен деп тілейді. Сондай-ақ, әншінің репертуарындағы әндердің барлығы дерлік – өз туындылары. Ел арасында Гауһардың «Ақ босаға», «Келінге өсиет», «Оралшы, махаббат», «Көктемге хат», «Перзент сыры», «Көктемгі жаңбыр», «Қыз сезімі» сияқты әндері ерекше танымал. Әсіресе, «Ақ босаға» мен «Келінге өсиет» кез келген тойда шырқалар хит әнге айналды. Сондай-ақ, «Оралшы, махаббат» – басқалардан кейінірек жарыққа шықса да, халыққа бірден танылған ерекше ән.
Гауһар лириканы жақсы көреді. Оның сырға толы, мұңға толы ғажайып әндері тыңдаған жанды елітпей қоймайды. Сезімге толы сыршыл әндер Гауһардың қазақ сахнасындағы өзіндік орнын, ән әлеміндегі өзіндік мәнерін қалыптастырды. Әнші қазақ тіліндегі шығармалардан бөлек, тәжік, түрік тілдеріндегі әндерді де нақышына келтіре шырқайды.
Гауһардың мінезі ашық, болмысы өте қарапайым. Жан-жағындағы дос-құрбысымен үнемі қалжыңдасып, көңілді жүргенді ұнатады. Өзінің айтуынша, жеке шығармашылық кешін өзге әріптестеріне ұқсап, жер-жаһанға жар салмай-ақ, тып-тыныш өткізе береді. Ауыл-ауылды аралап концерт қояды, тойға барады. Әйтеуір, қашанда халықтың ортасында жүреді. Осындай қарапайымдығы үшін болар, әншіні тыңдармандары ерекше жақсы көреді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!