Берік Айтжанов Бөшенұлы (1979 жылы 11 наурыз)

 Берік Айтжанов Бөшенұлы (1979 жылы 11 наурыз)

Берік Айтжанов (1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). "Құлагер" Ұлттық киносыйлығының иегері (2009).

Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген.
Әкесі Алматы ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін, Қызылорда облысына аттанған соң, Берік Айтжанов дүниеге келді. Бірақ болашақ актердің жанұясы Беріктің үш жасында Алматыға қайтып оралды.
Негізі Беріктің актёрлық мамандықты таңдауы, Сатыбалды Нарымбетовтың «Лейланың мінажаты» фильміне жолы түспегенімен байланысты болды.
2004 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық факултетін бітірген.
2004 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
2009 жылға дейін Берік «Час волка», «Мұстафа Шоқай» және «Махамбет» картиналарында дебютке шығуына қарамастан, театр көрермені оны, кино және теледидар көрерменіне қарағанда жақсы білетін. Алайда, экрандарға Ақан Сатаевтың «Ағайынды» сериалының шығуымен барлығы өзгереді. Аз сериялы хикаяда Айтжанов негізгі рөлдердің біріндегі кейіпкер.
2011 жыл Айтжановтың карьерасына үлкен сәттілік әкелуде. Ол Егор Кончаловскийдің «А»-ға оралу» және Сатаевтың «Ликвидатор» киносында ойнады.

Фильмографиясы
2005 – «Час волка» - Қалтай
2005 – «Махамбет» - Махамбет
2005 – «Застава» - Селим
2006 – «Мұстафа Шоқай» - Байдрахман
2008 – «Ағайынды» - Шыңғыс
2009 – «Город Мечты» сериалы - Руслан
2010 – «Ликвидатор» - Әрсен
2010 – «А»-ға оралу» («Возвращение в «А») - Марат
2011 – «Ағайынды-2» - Шыңғыс
2012 – «Жеңіс семсері» - эпизод
2012 – «Жаужүрек Мың бала» - Әбілқайыр хан
2013 – «Кітап» - Оңғар
2013 – "Тракторшының махаббаты" -"Жасұлан"
2013 – «Параллель әлемдер» - Жан
2014 – «Дала дауысы» - Абай
2015 – «Адель» - Бекжан
2015 – «Аманат» - Ермұқан Бекмаханов
2016 – «Анаға апарар жол» - Лұқпан
2016 – «Отызда күйеуге шығу» - Қасымов
2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Нұрсұлтан Назарбаев
2017 – «Наурыз.kz» - эпизод
2018 – «321-ші Сібір дивизиясы» - эпизод

Марапаттары
2009 жылы Қазақстан Кинематографистер одағының "Құлагер" ұлттық киносыйлығының иегері атанды.
2016 жылы елбасының жарылығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
2018 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі