Біржан Хасанғалиев Ескендірұлы (1978 жылы 1 ақпан)

 Біржан Хасанғалиев Ескендірұлы (1978 жылы 1 ақпан)

Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев (1978 жылы 1 ақпанда Алматыда туған) — әнші, музыкант, камералық композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты (2012). Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры (2015 жылдан). ҚР Білім Беру ісінің құрметті қызметкері (2017).

Біржан Ескендірұлы 1978 жылы 1 ақпанда Алматыда музыканттар отбасында дүниеге келген.
1993 - 1997 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің "музыкалық теория" бөлімін бітірген.
Колледжді бітірген соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыка және теориялық пәндер оқытушысы, композитор» мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Экономика және статистика академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолы
2002 - 2004 жылдары Алматы консерваториясыннда болашақ мұғалім ретінде еңбек жолын бастаған.
2004 - 2015 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінің музыкалық аспаптарының кафедрасында оқытушы, аға оқытушы.
2010 - 2013 жылдары осы оқу орнында доцент міндетін атқарған.
2013 - 2015 жылдары Ескендір Хасанғалиев студиясының директоры.
2015 жылы Астана опера мемлекеттік опера және балет театрының директорының орынбасары қызыметін атқарған.
2015 жылдан Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры лауазымын атқарады.

Марапаттары
2012 жылы ҚР тұңғыш президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.
2012 жылы Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының лауреаты
2012 жылы "Ильхом" тәуелсіз сыйлығының лауреаты
2011 жылы елбасының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталған.
2015 жылы "Қазақстан халқы ассаблиясына 20 жыл" медалі
2016 жылы елбасының жарлығымен ҚР Мәдениет министрінің қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
2017 - ТМД Ассамблиясының құрмет грамотасы
2017 - Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері (ғылыми атағы)

Отбасы
Әкесі: композитор, Қазақ ССР халық артисі, Мемлекеттік сыйлық иегері Ескендір Хасанғалиев
Анасы: дәрігер, Құрмет орденінің иегері Дарико Хасанғалиева
Үйленген. 1 қызы бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі