Бекболат Тілеухан Қанайұлы (1966 жылы 7 тамыз)

 Бекболат Тілеухан Қанайұлы (1966 жылы 7 тамыз)

Бекболат Қанайұлы Тілеухан (7 тамыз 1966 жыл, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті (2013 жылдың 24 желтоқсанынан бастап).

Білімі
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық әндерінің оқытушысы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1995) бітірген. Доцент.

Еңбек жолы
2004 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1983 – 1987 жылдары Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетінде оқыды.
1993 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясындағы халық аспаптар факультетінің халық әні бөлімін (педагогы Жәнібек Кәрменов) бітірді.
1992 - 2001 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, доценті, халық әндері кафедрасының меңгерушісі.
1996 жылдан - фольклорлық ансамбль жетекшісі, 1997 жылдан - ҚР Республикалық гвардия жанындағы Президенттік оркестрдің көркемдік жетекшісі.
2001 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
2002 жылдан - ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі.
2003 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі III шақырылымынын депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
2007 - 2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі IV шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
ҚР Президенттігіне үміткер — Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының мүшесі (2005), «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2006 жылдан).

Жанұясы
Жұбайы - Несіпбай Раушан Төлеутайқызы (1966 жылы туған), өнертану ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті;
Ұлдары - Нұрмұханбет, Нұрдәулет;
Қызы - Зейнеп.

Мемлекеттік марапаттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ДАРЫН» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері;
1996 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілді.
1998 жылы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
2005 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапатталды;
2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» мерекелік медалі;
2006 жылы «Қазақстан парламентіне 10 жыл» медалі;
2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!