Жанат Аймұхамбетова Әскербекқызы (1966 жылы 1 қаңтар)

 Жанат Аймұхамбетова Әскербекқызы (1966 жылы 1 қаңтар)

Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетова - ақын, филология ғылымдарының кандидаты, (1966)

Еңбекжолы
1966 жылы 1-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1982-87 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған.

1987-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1995-2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «Оралхан Бокей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "Мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Марапаттамалары
«Аққұс» республикалық ақындар конкурсының жүлдегері (1993), жастардың шығармашылық «Шабыт фестивалінің (1999) гран –при жүлдегері, Президент степендиясының иегері (1999), ақын Қ. Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық жыр конкурсының жүлдегері, Жарасқан Әбдірашев атындағы сыйлықтың лауреаты (2004), «Шығыс шынары» халықаралық жыр мүшәйраларының (2010,2011) жүлдегері, ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы- 2011» мемлекеттік грантының, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Университеті медалінің, ҚР БҒМ "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ хандығына 550 жыл" медалінің, Қырғыз Республикасы Тоқтағұл Сатылғанов қорының "Тоқтағұл - 150" медалінің иегері.

Еңбектері
Әскербекқызы Жанат шығармалары:
Әскербекқызы, Жанат. Көркемдік өріс [Мәтін] : (Е. Раушанов поэзиясы негізінде) / Ж. Әскербекқызы. - Алматы : Таймас, 2008. - 293 б.
Әскербекқызы Ж. Даңғыл [Мәтін] : Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы / Әскербекқызы Ж. - Алматы : Арыс, 2007. - 192 б.
Әскербекқызы Ж. Көк түріктер әуені [Мәтін] : Өлеңдер / Әскербекқызы Ж. - Астана : Елорда, 2002. - 87 б.
Әскербекқызы Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр [Мәтін] : өлеңдер мен поэма / Әскербекқызы Ж. - Алматы : Жазушы, 2007. - 240 б.
Әскербекқызы Ж. Қаракөз-бұлақ [Мәтін] : Өлеңдер / Әскербекқызы Ж. - Астана : Елорда, 2001. - 184 б.
"С.Аманжолов оқулары -2004" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары = Материалы международной научно-практической конференции "Аманжоловские чтения-2004" = " AMANZHOLOV READDINGS-2004" the ihternational science -practical conference PAPERS [Мәтін]. - Өскемен : ШҚМУ, 2004. - 464 б.
Әскербекқызы, Жанат. Даңғыл [Мәтін] : Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы / Ж. Әскербекқызы. - Алматы : Арыс, 2007. - 190 б.
Шабыт [Мәтін] : жеңімпаз жас ақын-жазушылардың антологиясы / құраст. Б. Қарағызұлы. - Астана : Астана Бланк Баспа, 2009. - 288 б. (Введено оглавление)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі