Роза Бағланова Тәжібайқызы (1922 - 2011)

 Роза Бағланова Тәжібайқызы (1922 - 2011)

Роза Тәжібайқызы Бағланова (1 қаңтар 1922, Қазалы, Түркістан КФР, КСРО — 8 ақпан 2011, Алматы, Қазақстан) – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996).

Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, Әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.

Өмірбаян
1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.
2011 жылы қаңтардың 8 Алматы қаласында Роза Бағланова қайтыс болды.

Әндері
«Әдемі» — Әні Е. Хасанғалиевтікі, сөзі Ә. Тәжібаевтікі
Әншінің орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», композитор М. Төлебаевтың ақын өлеңіне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», С. Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Қиыстырып мақтайсыз» әндері Қазақ радиосы фонотекасында сақтаулы, бірнеше рет күйтабаққа жазылған.

Әншіге құрмет
Әйтеке би кентіндегі орталық көшеге және мәдениет орталығына Роза Бағланованың есімі берілді.
30 мамыр 2015 жыл. Роза Бағланованың туған жері Қазалы ауданында әншінің ескерткіш-бюсті ашылды. «Жеңіс» саябағында салынған Роза Бағланова атындағы 300 орындық мәдениет Үйінің алдына Қазақстанда алғаш рет әншінің ескерткіш-бюсті қойылды. Роза Бағланова мүсінінің авторы – Қазақстан Республикасының халық мүсіншісі, өнер қайраткері Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев. Биіктігі – 1 м. 42 см, тұғырының биіктігі – 2 м., ені – 97 см болатын бюст қоладан құйылып, тұғыры мрамормен қапталған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?