ZHARAR | KZ ✅ | Өмірбаян / Биография | Қарасақал Ерімбет (1844 - 1916)

Қарасақал Ерімбет (1844 - 1916)

 Қарасақал Ерімбет (1844 - 1916)
Қарасақал Ерімбет (1844, бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Арал ауданы Көкаша мекені – 1916, Арал ауданы Көкаша) – ақын.

Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған.

Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867), Қашқынбай Қожамбетұлы, т.б. ақындар ықпал еткен. 1877 – 79 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды.

Қарасақал Ерімбет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады.

Оның насихаттық өлеңдеріне:

«Жақсылар бұл қиссадан ғибрат ал»
«Әй, балам, саған насихат»
«Жалғанның түбін ойлап, күтініңдер!»
«Сыйлап қал бір-біріңді соқпай саның»
«Жадыңа, ислам халқым, неге алмайсың?»
«Халықтың қалсын сөзі құлағыңда» Алланың құдіреті, Құранның шындығы, пайғамбардың өсиеті, білім-ғылымға ұмтылу жырланса, дастандарына:
«Атымтай жомарт»
«Хазіреті Ғали мен Дариға қыз»
«Әбу Шашма»
«Сәдуақас Сақи»
«Ақтам сақаба»
«Бап Раушан», Құран кітабындағы хикаялар, Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына байланысты аңыз әңгімелер өзек болған.
Сондай-ақ, ол қазақтың дәстүрлі айтыс өнеріне де өзіндік ерекшелігімен үлес қосты. Қарасақал Ерімбеттің негізгі жазба айтыстары («Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омары», «Ерімбет пен Аппақ», «Ерімбет пен Қаңлы Жүсіп», «Ерімбет пен Ыбырайым») жұмбақ айтыс тұрғысындағы идеялық, композициялық құрылымымен ерекшеленеді. Қыз бен жігіттің сөз сайысы («Қарасақал Ерімбет пен Жекей қыз») түріндегі айтыстары да ақынның әдеби шығармаларының дәстүрлі табиғатын танытады. Қарасақал Ерімбеттің жазба айтыстарында дидактикалық бағдардағы сюжеттер, нақылдар, мақал-мәтелдер, бейнелеу өрнектері мол қолданылады.

Ақын шығармалары «Айтыс» (1965, 2-т.), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992) жинақтарында жарияланды. «Ұлағат сөзім ұрпаққа» (1995) атты жеке жыр кітабы жарық көрді.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Гость Милана - Сегодня, 08:45
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Гость Милана - Сегодня, 08:44
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Куралай - Сегодня, 08:24
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

👌👍

Балзия - Сегодня, 08:02
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маганда пж

Ансагуль - Сегодня, 07:37
Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Керемет 🤘 тілектер

ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР