Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін сүйген Президент)

Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін сүйген Президент)

Тақырыбы: «Елін сүйген Президент»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау

Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
- Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Ағайша:
- Елбасымыз Нұр аға
- Салғызып Алтын орда
- Көркейтіп елін қазақтың
- Көрсетпей өмір азабын.
Бекнұр:
- Қазақ елі – Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
- Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің – Нұрсұлтан
Бек:
- Жасай бер Қазағым!
- Жасай бер Елбасым!
Меруерт:
- Елімнің елбасшысы
- Нұрсұлтан атамыз аман болсын!

- Отан туралы тақпақ, мақал - мәтелдер білеміз бе?
Нұрдос:
- Қуат алған өзінен
- Туған елдің ұлымын
- Бақытты етіп өсірген
- Отанымның гүлімін.
Фариза:
- Отан – оттан да ыстық
Бағым:
- Отан - елдің анасы
Нұрдәулет:
- Отан – қуат
- Отбасы – шуақ
- Бағдәулет:
- Отансыз адам,
- Ормансыз бұлбұл.
- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Айару:
- Көк аспандай көкпеңбек
- Қазақстан жалауы
- Көк емес ол тектен - тек
- Елдің ашық қабағы.
Аян:
- Елтаңбасы елімнің
- Неткен әйбат әдемі
- Тұнығындай көңілдің
- Ортада аспан әлемі.
Зере:
- Құт береке – шаңырақ
- Орын алған – ол төрден
- Қанатты қос арғымақ
- Екі жақтан көмкерген.
Кәмила:
- Тәуелсіздік жолында
- Талай - талай тер тамған
- Билігім өз қолымда
- Еркіндігім – елтаңбам.
Аяна:
- Көк аспанда Нұрлы Күлімдейді далама
- Бақыт тілеп тұр бүгін
- Ол барлық пәк балаға.

Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
- Балалар, біз нені жабыстырдық?
- Күннің түсі қандай?
- Күннің пішіні қандай?
- Тудың түсі қандай?
- Күнді
- Сары
- Домалақ
- Көк

Сергіту сәті
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
- Біз қай елде тұрамыз?
- Біз бүгін не жабыстырдық?
- Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасшымызға арнап «Нұр - аға» атты әнімізді шырқайық.
- Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасының
ІІ санатты тәрбиеші
Көшербаева Ақтоты


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle