Жұмбақтар жауабымен: От пен жарық (1)

Жұмбақтар жауабымен: От пен жарық (1)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Биік өкшелі аяқ киімнің қандай зияны бар?

Ұзын құрығым үйге сыймайды.
Пештің мойны

Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ,
Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ.
Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте,
Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке.
Әркімдер көтерем деп ойласа да,
Келмейді сірә тегі тіпті епке.
Пеш, түтін

Сырты қап-қара,
Іші қып-қызыл жара.
Әлсін кіріп шығады,
Бір жалаңбас бала.
Пеш, от, кесеу

Заттардың қуаңына өр құмар,
Үстінде күйіп піскен нәрсе тұрар.
Орнынан аузын ашып, ұмтылса егер,
Тығылар берген тамақ ұмар-жұмар.
Пеш, отын

Анасы - жуан,
Қызы - қызыл.
Пеш

Жер жүзін бір айдаһар жеп барады,
Аузынан бітеу сүйек боп барады.
Айдаһардың аузына түспей қалса,
Енді іске жарамаймын деп барады.
Өрт, ағаш

Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.
Жалын, қазан

Әкесі баласын көтеріп тұрады.
Қазан, ошақ

Үш атқа мінгесіп тұр жанғыз көрдім,
Соларға тамаша етіп қарап тұрдым.
Жандыны жансызбенен күрестіріп,
Жансызды бір уақытта алып ұрдым.
Ошақтың үш бұты, қазан

Үш аяғы үш жақта,
Төрт құлағы қалқиған.
Ретін таппай жұмсаса,
Ыңғайына жантиған.
Темір ошақ

Үш адам қара киген қарағымды,
Бар еді үшеуінің арғымағы.
Үшеуі үш жағынан қарғыса да,
Жетпейді адым жерге қарғығаны.
Қазан, ошақ

Қара тайым мықты,
Қара бием сүтті.
Қазан, ошақ

Болғанда қиған қалпақ, қырсау құрық,
Қазан, ошақ, оМінгені үш аяқты қызыл жүйрік.
Қазан, ошақ, от

Бап, бап, бапанақ,
Бапанақ үсті арғымақ.
Арғымақ үсті қызыл тақ,
Қызыл тақ үсті қу шұнақ.
Қазан, ошақ, от

Есіктен кіреді,
Тесіктен шығады.
Оттың жануы

Сары аттың сиген жеріне шөп шықпайды.
Оттың орны

Зәредейін жанданған,
Бара-бара жалданған,
Бұйра-бұйра жалы бар,
Жал астында қаны бар.
От

Бір сұлу бар ел бәрі айналысты,
Адамға әлгі сұлу байланысты.
Сол сұлу жақсылығының арқасында,
Ет пен тамақ, нан мен су қайнап пісті.
От

Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық,
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып.
Темір мен топырақ, тас, суды жемес,
Басқаны жеп қояды қойсаң артып.
От

Бір нәрсе өз киімін қорек еткен,
Сау емес оның өзі кесепеттен.
Нәрсені қолға түскен жалмап жұтады,
Мен оның мешкейлігін айтып жетпен.
От

Өткірлігі өлімнің нақ зәріндей,
Өзінен басқалардың бәрін жейді.
Жейтұғын ешбір нәрсе таба алмаса,
Өзін-өзі жейді де көрінбейді.
От

Табақ толған анар,
Қорықпасаң бәрін ал.
От

Дүниеде бір айдаһар жылан бар,
Жан-жағын жеп барады,
Ішіне бітеу сүйек көп барады.
От пен отын

Бір нәрсе ұшқан сайын жоғарылаған,
Бір ұшса жерге қайтып қона алмаған.
Орнында баяндайтын бір мақлұқат,
Оларға тиген жандар сау қалмаған.
От, түтін

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақша түйіндеме үлгісі / Образец резюме на казахском языке





Комментарии для сайта Cackle