Мінез

 Мінез

Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.

Қауызында дәні жоқ,
Сабан мінезді адам болады.
Қорсылдаса көңілі тоқ
Қабан мінезді адам болады.

Адам жылқы мінезді:
Бір күнде түлейді,
Бір күнде жүдейді.

Сүтпен кірген мінез
Сүйекпен кетеді.

Жолбарыс жұлқынса,
Жонынан от шығады.

Бөрі арығын білдірмес,
Итке сыртын қампайтар.

Қасқыр мен ұры мінездес:
Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл мінездес:
Екеуі де күнді аңдиды.

Адам жылқы мінезді.

Көңілім келсе – көлдеймін,
Көңілім келмесе – шөлдеймін.

Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін.

Ауру кетсе де, мінез кетпейді.

Жат мінезді адамнан
Жаныңдағы ит артық.

Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің қалпы түзелмейді.

Дене дерті өзіңді, мінез дерті басқаны қинайды.

Қисық ағашқа тез, қисық мінезге сын бар.

Бірі – от та,
Бірі – су,
Қиын болар ұғысу.

Жақсы мінез – сүйінтер,
Жаман мінез – күйінтер.

Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.

Ер еруде бала мінезді,
Ер сайыста шала мінезді.

Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі — жақсы мінез,
Екіншісі — жақсы сөз.

Бақыттың да басы айналар кез келер,
Мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.

Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.

Қызғаныш - құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.

Паңдық, надандық, тәкапарлық, асқақтық не айтқызбайды.

Мінез: от басында күл шашып, күпілдеген көпірме.

Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден.

Сүтпен біткен мінез - сүйекпен кетеді.

Мінезі жаман адамға - енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрер адаммен - жалған намыс қуыспа.

Басында батпан міні көп - кісі айыбын тергеген,
Дәулет бітсе жаманға - сәлем берер жеңменген.

Мал аласы - сыртында, адам аласы - ішінде.

Мінездеме: аттың жемін жеп, тайдың ісін істейді.

Құл - кекшіл.

Жетім қозы - тасбауыр: отығар да - жұбанар.

Тентек шоқпар жинайды.

Үндемеген үйдей бәледен құтылады.

Берген - жомарт емес, алған - жомарт.

Жалқаудың ертеңі бітпес.

Жуас түйе жүндеуге жақсы.

Пәле түбі - жұт, жақсы мінез - құт.

Әркім өз қолынан келгенше жомарт.

От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас.

Ашу қысса - ақылың ғайып болады.

Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.

Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.

Мінез - жанның айнасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 7 930



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Айдана
    Оқырман Айдана 07.04.2022 20:32
    2 + 0 -
    Көп-көп рахмет