Жас, кәрі, үлкен, кіші

 Жас, кәрі, үлкен, кіші

Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.

Жасыңда жалықпасаң –
Қартайғанда тарықпайсың.

Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ.

Қартайдым деп, қайырма,
Жас бала бар артында,
Жалғызбын деп, қайырма
Жақсылар бар артында.

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Ілгері басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.

Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.

Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Арпа берсең, атқа бер,
Қатыр-құтыр шайнасын.
Қызды берсең жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын!

Қына тастан шығады,
Өнер, білім жастан шығады.

Өмір өтер, жас өсер.

Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.

Көп жасап, күміс болғанша
Аз жасап, алтын бол.

Ұят келсе, кәріге келеді,
Жастың несі кетеді?

Арықты күтсең —тойынар,
Кәріні күтсең — сойылар.

Қатарынан қалған кәрі жетім.

Кәрі ағаш — бұтағымен,
Кәрі адам — ұрпағымен.

Кәрінің бары — игі.

Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.

Кәрі білгенді пері білмес.

Көп жастың ішінде қария болса даң болар,
Көп кәрінің ішінде бір жас болса дана болар.

Кәрі, жас құрдастықтан білінер.

Дәрісі бардың кәрісі де өлмейді.

Кәрі қызға таң ұзақ.

Кәрісі бардың — ырысы бар.

Кәрінің сөзін қапқа сал,
Өлгеніңше ырзығың таусылмайды.

Кәрі қасқыр қақпанға түспейді.

Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.

Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.

Үлкеннен үйрен, кішіге үйрет.

Үлкен бастар, кіші қостар.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Кіші баланың ұятын
Үлкен бала көтереді.

Кішіні – мақтап,
Үлкенді – міне.

Үлкен үйдегі күлсе,
Кіші үйдегі езу тартады.

Үлкен төс – ұрмау белгісі.

Үлкенмін деп сынайсың,
Бізден ақыл сұрайсың.

Түйенің өзі үлкен болса да,
Құмалағы үлкен емес.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

Кішіпейілдік —
Кішілік емес,
Кісілік.

Үлкен үйдегі күлсе,
Кіші үйдегі езу тартады.

Жасы кіші болса да, ақылы көпті аға қыл.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 7 761



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Назым
    Оқырман Назым 03.03.2021 21:33
    1 + 0 -
    Өте керемет
  2. Танымайсын ба не?
    1 + 3 -
    Хм деп тұр ады деп тұр ады деп тұр ады деп тұр ады деп атайды және деп аталады және деп атайды ал оның ішінде Қазақстанда да бір ғана мысал бола осындай жағдайда ғана мысал келтір деп тұр ғой әне төрінде деп аталады және деп атайды ал оның үстіне ол үшін алдымен оның ішінде егістік жер деп атайды ал оның шығыс Еуропа мен Азия арасындағы сауда айналымы және деп тұр ады деп тұр ады деп тұр ғой деп атайды ал енді балалар өсіп қалды деп аталады ал оның ішінде қазақ деп тұр еді деп тұр ады ал енді балалар сау болыңыз апай күніңіз құтты болсын ұстаздар және оқушылар немен айналысады және деп тұр ады деп тұр ады және оқушылар мектепке кырмейді атымды дурыс жассамда дұрыс емес деп тұр ады ??