Енеме туған күніңе тілектер (ене, енешім)

Енеме туған күніңе тілектер (ене, енешім)

Құрметті Аяулы, Ардақты, Өтттее ақкөңіл, келіндеріне зияны жоқ Аппақ енем! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Деніңізге саулық, отбасыңызға, көз қуаныштарыңызға амандық берсін, ісіңізге береке берсін! Аллахым папа екеуіңізге екі дүниенің бақытын, шаттығын берсін! Ұрпағымызбен, əулетімізбен үлгілі ,Тоқболат елінің тобырын топқа , бəйгесін атқа қосып, ер- азаматтарымызды таққа отырғызуды, ағайын- туысқанмен ауызбіршілігіміз артқан, ынтымағымыз жарасқан салихалы отбасы болуды нəсіп етсін! Енешім əрдайым біздің кемшілігімізді кешіріп, қателігімізді түзеп, отбасымыздың түтінінің түзу жағылуы сіздің арқаңыз?! Өзімнің жіберген қателіктерімнің көптігі қанша болса мен сізге соны еселеп жақсылықпен қайтарамын деп, күнде дұғада болдым. Алла бəрін көруші, естуші. Мені сізбен түзей бастады, жақындастырды, сізге деген махаббатымды ашты. Мен сізді жақсы көремін. Алтындай,асықтай ұл туып бергеніңізге, біз сияқты бір үйдің қыздарын келін етіп, өсіп, өніп, көбейіп, басымызды біріктіріп жүргеніңізге Аллаға сансыз шүкір! Ауырмаңыз! Құтты болсын жап- жаңа 56 жасыңыз! Келінің жаман болса ұлыңнан көр- демекші, осы жолдасымның əке- шешесі, бауырларына деген ерекше бауырмалдығының, құрметінің арқасында ғана Жақсы келін, жақсы əйел болады екенсің. Жалпы, кез- келген келін келген жерінің ата- анасымен, бауырларымен, ағайын- туысымен жақсы мəміледе болса ғана сыйың бар, сыйлы келін ата-анасың.

Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Алпыстың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!

Қазақта асыл сөз бар "ене" деген,
Бұл сөздің қасиетін терең білген.
Ботасы, құлыны да торпағы да,
Енесіне əрдайым еркелеген.

Үйге түскен келінді бекер айтпайды-
"Енесінің топрағынан жаралған"- деп.
Тəлім- тəрбиені енеден көру міндет,
Сондықтан да енемен келін əрдайым дос болу керек.


Пайдалы сілтемелер:



Ене деген екінші анаң еркелейтін,
Кейде түсініп, кейде өзіңді түсінбейтін.
Бір ұрпақтын ұйытқысы ене деген.
Сондықтан да келіңдері иіліп сəлем берген!

Енелеп кейде сынап, ұрасады,
Бірақ келін көңілге алып тырысады.
Енемен, келін бір жақ болып ту тіксе,
Үйде береке-ырыстың орны толады!

Енеме туған күніңе тілектер (ене, енешім)


Балалардың панасы,
Ақыл-ойдың парасы.
Тәрбиенің бастауы,
Аман жүрші,енешім!


Адамзаттың бар ұрпағын таратқан
Әр ісімді өткізетін сараптан.
Қарызымды қайтарайын там-тұмдап
Ауыртпашы, бақ бере гөр,Жаратқан!

Келін болып түсіп едім жасымнан,
Сипадыңыз бақыт тілеп басымнан.
Менен кейін үш келінге ана боп,
Әулет болдық мерейі бір тасыған.

Құтты болсын келген туған күніңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Немерелер қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз.

Ешқашан мойымай қиындыққа,
Бола білдіңіз бұл өмірде төзімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан ана,
Ұл-қыздарың құттықтайды өзіңді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 8
  1. Енеге құттықтау
    5 + 3 -
    Бүгін Мен сізге тілегім келеді, менің сүйікті енем, сіз әрқашан осындай керемет әйел болып қала бересіз! Сізге ұзақ жылдар бойы денсаулық, күш пен сұлулық тілеймін! Сіздің барлық арманыңыз орындала берсін, ал бұл туған күн жағымды тосынсыйларға, қуаныш пен шаттыққа толы болсын!

    --------------------------

    Туған күніңмен, қымбатты енем! Сізге гүлдеп, бізді күлімсіреп, дана кеңестермен және дәмді пирогтармен қуантуды тілеймін! Махаббат пен қамқорлық үшін рахмет! Ұзақ, бақытты және қуанышпен өмір сүріңіз!

    ++++++++++++++++++

    Туған күніңмен, қымбатты және қымбатты енем. Сізге өмірдің керемет сәттерін және бақытты оқиғаларды, керемет идеялар мен керемет көңіл-күйді, әр істе жоғары жетістік пен үлкен сәттілік, отбасылық амандық пен жақын адамдардың сүйіспеншілігін тілеймін.
    1. Оқырман АЙГЕРИМ
      1 + 0 -
      ҚЫМБАТТЫ ЕНЕ 57 ЖАСЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ӨМІР жасыңыз ұзақ болсын бақытты болыңыз әрдайым осылай жүре беріңіз
  2. Енеме тілек
    Енеме тілек 10.02.2021 20:16
    5 + 7 -
    Құрметті ене, сіздің туған күніңізде сізге денсаулық пен ұзақ өмір ғана емес, сонымен бірге әрқашан Көңілді, Белсенді, дана және көңілді болуды тілеймін. Әр күн жүрекке қуаныш әкелетін жағымды нәрселер мен уайымдарға толы болсын. Өзіңізді және, әрине, бізді қорғаңыз, біз сізге сүйіспеншілік пен қамқорлықпен жауап береміз.
    1. Асылзат
      Асылзат 12.02.2021 15:46
      9 + 0 -
      Уайымдарға толы болсын дегені қалай? Сөздің мағынасын түсініп алсаңшы бірінші!??‍♀️
  3. Енеге
    Енеге 05.02.2021 19:56
    1 + 7 -
    Құтты болсын туған күніңмен сені
  4. Оқырман Айгерім
    3 + 1 -
    Ене туған күніңмен ?құттықтаймын
  5. Ару
    Ару 15.11.2020 18:19
    1 + 4 -
    Ене туған күніңмен құттықтаймын!
    1. Оқырман Гаухар
      Оқырман Гаухар 29.10.2022 21:50
      1 + 0 -
      Кутты болсын Апатайым туылған күніңіз.
      Алдымызда аман есен болыңыз.
      Еркеледим мен сизге Апатайым.
      Мен түскенде маңдайымнан иискеп,
      Келиним деп,камкоршым боп журдиниз.
      Кателесенкен жеримди,жол көрсетіп жанымда.
      Акылшым боп журдиниз,
      100 жасаңыз аман болып журиниз.