Тамара Асар (1976 жылы 16 шілде)

 Тамара Асар (1976 жылы 16 шілде)

Тамара Асар (1976 жылы 16 шілдеде Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында туған) — әнші. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2007). Құрмет орденінің иегері (2014).

Биография
Еліміздің батыс өңірі – Ақтаудан 16 шақырым жердегі «Ақшұқыр» деген ауылда ұстаздар отбасында өмірге келген.

«Жаратушы қиындықты тек көтере алатын адамына береді» дейді халқымыз. Осы сөзді өзіме ғана арналған деп қабылдайтын Тамара, тіршілікте басынан өткен түрлі ауыртпалыққа мән бергенді көңілі қаламайтын қайсар қыз.

90-шы жылдардың соңында ол жол апатына ұшырап, бір аяғынан айрылған болатын. Араға жылдар салып, денсаулығын қалпына келтірген әнші, өзін — өзі қамшылап өмір сүруді әдетке айналдырды. «Қиындық әркімнің басына болатын нәрсе, тек оны жеңудің кілті – жүректе» дейтін Тамара Асар өмірге ғашық адам кез-келген қиындыққа төзімді болып келеді деген пікірде. «Серпін» жастар сыйлығының иегрі Тамара Асар басқа әрпітестеріне қарағанда денсаулығына көбірек алаңдайды. Сондықтан қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршағанда көпшіліктен оң кетіп, баласымен демалғанды ұнатады екен. Туған жері Ақтауға жиі ат басын бұратын әнші жалғызсырыған сәтте қолына кітап алып, әдебиетпен сырласқанды жан рахатына балайды.

Білімі
Бала кезден өнерді өзіме серік етемін деп армандаған ол, алдымен Ақтаудағы музыка мектебінде білім алады. Кейін Алматыдағы қазіргі Елебеков атындағы эстарда және цирк коледжінде оқи жүріп, ілімін мұғалімдік мамандықпен ұштастырады. 8-ші сыныптан бастап Алматыда дәріс алған Тамара көпшілікпен етене араласуна танымал мектепте оқығаны септігін тигізгенін айтады.

Еңбек жолы
Өнердегі еңбек жолы Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы жанындағы Мұрат Өскімбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында басталған. Шығармашылықта жүрген 12 жыл ішінде көптеген жанрлар мен бағыттардағы: «Отырар сазы», «Ақжауын», Абыл Тарақұлы атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ән айтып, жұртшылықтың назарында жүр. Сонымен қатар, жаңашыл эстрадалық жанрда Қазақстанмен қоса, Еуропа, Азия елдерінің алдыңғы қатарлы сахналарында бар талап-талантымен өнерін өрнектеуде.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі