Географиядан сабақ жоспары: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе №3 (10 сынып, III тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе №3 (10 сынып, III тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Көздің "су қараңғы" ауруынан айығу дұғасы

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе №3
Оқу мақсаты: 10.4.1.12 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде).
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу;
- Үй тапсырмасын тексеру
Суреттер арқылы ой қозғау.
Абу Даби Сингапур

- Суреттер қандай ақпарат береді?
- Қандай өзгерісті байқап тұрсыздар?
- Бұл өзгерістер қалай әсер етіп жатыр?
(Не? Қайда? Қашан? Қалай? Не себепті? сұрақтары арқылы жаңа сабақты болжау)
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру.
Сабақта қарастырылатын жаңа сөздермен жұмыс.
(мағынасын тану)
Мәтінмен жұмыс (жұптық)
(оқушыларға мәтін таратылып беріледі)
- Мәтінмен танысып, ақпаратты саралайды;
- Әр жұп елдердің даму үлгісіндегі ең басты 1 ерекшелікті анықтайды;
- Батыстық және Азиялық даму үлгісін Венн диаграммасында салыстырады;
Батыстық экономикалық даму үлгісі Ұқсастығы Азиялық елдер
экономикалық
даму үлгісі
Графикалық органайзермен жұмыс.
(топта жұмыстана отырып, нәтижесін концептуальды кесте, картосхема, постер, ментальды карта, альбом, буклет, т.б түрінде жасатуға болады)
- дамыған елдерді даму деңгейі бойынша жіктейді;
- дамушы елдерді даму деңгейі бойынша топтастырады;
- өтпелі экономикалық елдердің даму деңгейін анықтайды;
Графикалық органайзерді қорғау.
(«Галерея» әдісі арқылы оқушылар айналып шығып бағалауына болады, топ болып қорғауына болады немесе спикер таңдап алып қорғатуға болады, т.б түрлері)
Бағалау.
Қолдану
Экономикалық даму көрсеткіштерін анықтайды;
Талдау
Даму көрсеткіші бойынша елдерді жіктейді және елдердің дамуына әсер ететін факторларды талдайды.
Бағалау дескрипторы:
- Топтық талқылауға белсене қатысады;
- Дамыған елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді;
- Дамушы елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді;
- Өтпелі экономикалық елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді.
Қорыту
- Елдердің даму үдерісі тұрақты ма?
- Болашақта өзгеруі мүмкін бе?.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Өмірлік мәні бар кеңестер



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle