Геоэкологиялық аудандастыру (10 сынып, II тоқсан)

 Геоэкологиялық аудандастыру (10 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дүниежүзі аумағын ластану
Сабақтың тақырыбы: Геоэкологиялық аудандастыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)Геоэкологиялық ластанған аймақтарды анықтап, зерттейді
Сабақ мақсаттары: дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау;
- Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.
Ой шақыру (топтық жұмыс)
Ең лас қалалар мен елдердің ондығын болжаңыз.
Бұл елдерді неліктен ластану деңгейі жоғары деп бағалайсыз?
Топта оқушылар өз болжамдарын жасап, ондық мемлекеттердің тізімін жасайды. Ласану себебін және салдарын түсіндіреді.
Әр топ өз болжамдарымен таныстырып болған соң, болжамды нақтылау үшін ақпарат құралдарын пайдаланады.
Мұғалімнің таныстыруы
«The Eco Experts» Эксперттер ұйымының ғалымдарының бірлескен тобы әлемнің барлық елдерінің экологиялық деректерін талдап, жағдайды көрнекі түрде көрсету мақсатында графикалық карталарды жасады. Ол үшін Халықаралық энергетикалық агенттік пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректерін пайдаланды. Мұндай факторлар:
1. халықтың жан басына шаққандағы энергияны тұтыну;
2. Жан басына шаққандағы қазба отынының жануынан көміртегі диоксиді шығарындыларының көлемі;
3. әртүрлі зиянды заттардың ауаны ластау жағдайы;
4. ауаның ластануымен байланысты 100 мың тұрғынға шаққандағы өлім саны;
5. Жаңартылатын энергияны дамыту.
№1 тапсырма.
Осы факторлардың ластану деңгейінің артуына байланысты картаны талдау. Қосымша 1
Картадағы токсинді ластану индексін пайдаланып аймақтарды ластану деңгейі бойынша топтастырыңдар.
Бағалау:
- Оқушылар картадан дүниежүзі аумағын ластану деңгейін анықтап, сипаттайды
№ 2 тапсырма Пікір сайыс
Эко сарапшыларының пікірінше «токсинді» мемлекет Сауд Арабиясы болды. Ауаның ластануының ең жоғары қарқыны байқалды, ол қазірдің өзінде дәстүрлі түрде ең лас болып саналатын Үндістан мен Қытайдан «асып түседі».
Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Түрікменстан, Ливия, Қазақстан, Тринидад және Тобаго әлемдегі ең «улы» он елдің қатарына кірді.
Эко сарапшыларының пікірі дұрыс немесе бұрыс. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
№3 тапсырма.
Зерттеу жұмысы
Қосымша ақпарат көздерінен аймақтарды ластанудың деңгей бойынша зерттеп, мысал келтіріңіз
Бағалау:
- Оқушылар зерттеу нәтижелерін таныстырып, топтар бір бірін бағалайды.
Сабақты қорытындылау барысында мұғалімнің кері байланысы. Мұғалім сабақ барысында белсенді әрі жүйелі түрде жауап берген оқушыларды атап өтіп, бірін мақтап, екіншісіне ескерту жасап өтеді....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 278



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!