ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Қазақстанның экологиялық мәселелері (10 сынып, II тоқсан)

Қазақстанның экологиялық мәселелері (10 сынып, II тоқсан)

 Қазақстанның экологиялық мәселелері (10 сынып, II тоқсан)
Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экологиялық мәселелері
Осы сабақта қол еткізілетін оқу мақсаттары:(оқубағдарламасынасілтеме) Қазақстан аумағын экологиялық аймақтарға бөлу негізінде экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсыну.
Сабақ мақсаттары:  Қазақстан аумағын экологиялық аймақтарға бөлу негізінде экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсыну.
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
- Суреттерді көру арқылы
сабақтың тақырыбы менмақсатын анықтау;
- Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.
№1 тапсырма. «Судың ластануы» бейнебаянды көре отырып, сұрақтарға жауап беру, талдау жүргізу.
- Экология деген не?
- Экологиялық мәселелерді қандай факторлар туындатады?
- Эфтрофикация дегеніміз не?
- Экологиялық ластанудың қандай түрлерін білеміз және ең қатерлісіне сипаттама бер?
- Жергілікті жердің мысалында қандай экологиялық мәселені айтып бере аласың?
- Экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсынар едің?
Бағалау:
- Оқушылар жоғарыда берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өз ойларын ашық айтып талдау жасай алады.
№2 тапсырма. Жеке жұмыс. Кестемен жұмыс. Берілген анықтамаларға дұрыс жауап беріп, сйкестендіру.
- Экология –
- Ластану –
- Физикалық ластану –
- Химиялық ластану –
- Биологиялық ластану –
- Механикалық ластану –
- Эвтрофикация –
- Тұмша –
- Қышқыл жаңбыр -
Қосымша 1.
Бағалау:
- Оқушылар терминдерді дұрыс нұсқасына қарап, тексеріп, өздерін бағалайды.
№3 тапсырма. Топтық жұмыс. Диктоглосс әдісі.
Оқушыларға тақырып бойынша оқу үшін қызықты материал, мәтінді диктоглосс әдісі арқылы оқылады. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап болған соң өздері сол мәтінді қайта құрастырады. Бұл жерде сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, мұғалімнің оқыған қызықты мәтінін тиянақты тыңдайды. Әр топ өздерінің мәтін бойынша есінде қалған мәліметтер арқылы оқылған мәтіннің түпнұсқасына жақын мәтін құрастырып шығады.
Қосымша 2
Бағалау:
- Оқушылар құрастырған мәтіндерін мәтіннің дұрыс нұсқасы арқылы өзге топтарды тексеріп, бағалайды.
№4 тапсырма. Топтық жұмыс. АКТ пайдалана отырып. Қазақстанның 5 аймағы бойынша экологиялық ахуалын жоспар бойынша зерттеу (Оңтүстік Қазақстан, Солтүсік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан)
- Аймақ атауы:
- Ауаның ластануы:
- Судың ластануы:
- Жердің ластануы:
- Ластану қауіпі жоғары аймақтары мен қалалары:
- Экологиялық мәселені шешуге бағытталған іс-шаралар:
- Экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар:
Бағалау:
- Оқушылар жоспар бойынша зерттеу жүргізіп, елші әдісі арқылы өзге топтармен пікір алмасып, бірін-бірі бағалайды.
Сабақты қорытындылау барысында мұғалімнің кері байланысы. Мұғалім сабақ барысында белсенді әрі жүйелі түрде және енжарлық танытқан оқушыларды атап өтіп, бірін мақтап, екіншісіне ескерту жасап өтеді.......
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Кыдырали - Сегодня, 16:04
Аңдамай айтылғын сөз (видео)

ы убийца? кого ты убила признайся

Шакирова Мереке - Сегодня, 15:53
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

маған керек өтініш

асан - Сегодня, 15:38
Доспамбет жырау «Айналайын Ақ Жайық» толғауы 3-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

Толғау қай шақта жазылған: осы шақта ма, өткен шақта ма? Адам қай кезде өкінбейді дейді жырау?

Майра - Сегодня, 15:25
Жазира Байырбековадан 7 кеңес

Талай үлкен кісілер бар, енесінің көзіне тіке қарамаған, сол апалардың келіндері адам сыйлап көрмеген, бәрі өтірік

Венерка - Сегодня, 15:22
Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

1 токсанвн казак тылы мен адебиетты тбж бересызбе

Венера - Сегодня, 15:16
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

1 токсан тжб математика керек

Мансур - Сегодня, 14:50
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Есть

Жайна - Сегодня, 14:42
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қазыр орындаймын жауабын.

Севара - Сегодня, 12:58
Қазақстан тарихы (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

3*5=15

Вика - Сегодня, 12:48
Ағылшын тілі (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Хм