Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі (9 сынып, IV тоқсан)

 Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі
Оқыту мақсаты: 9.5.2.6 Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады;
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымының жіктелуін талдайды, аймақтардағы проблемаларды анықтайды, шешу жолдарын көрсетеді.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.
ІІ.Тақырыпқа шығу.
Интебелсенді тақтада Қазақстандағы 2015-2019 жылдардың инфроқұрылымды дамыту бағдардамасының суреті көрсетіліп, сұрақ қойылады.
 Сурет бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға көмек бере ме?
 Неге олай ойлайсыз?
 Өз ойыңызды білдіріңіз? деген жетелеу сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын анықтап аламыз.
Сабақтың мақсатын анықтау:
Павлодар ауданындағы сапалы ауызсу мәселесінен сурет көрсетіліп, оқушыларға:
- Суретте қандай елді мекеннің қай түрі көрсетілген? (ауыл, қала)
- Сурет арқылы сабақ мақсатын анықтай аламыз ба? деген сұрақтар арқылы жетелей отырып, жауаптарын тыңдап, сабақтың мақсаты анықталады.
Сабақты бастамас бұрын сабақ үрдісіндегі тәртіптің сақталуы еске салып өтіледі.
ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.
Оқушылар топтарға топталады «Қозғалыс парағы» арқылы/мұғалім алдын ала оқушылардың қабілеттеріне сай дайындап қойғаны абзал/
Топтардың орындайтын тапсырмасы
Журналистік зерттеу жұмысы.
Зерттеу жұмысына нұсқаулық:
1.Топтағы рөлді анықтау (журналист-маман)
Топ ішінде оқушылар өздері рөлдерді анықтап алады. (Журналист, журналистік сауалнама немесе зерттеуіне алатын мамандарды, қарапайым ауыл азаматтары, зауыт өкілі, диқаншы т.б)
2. Тапсырманы орындау барысында инфрақұрылымның функционалды салалары (1-саласын алады) жайлы сұрақ дайындалып және сол сұрақтарға топтағы оқушылар өз рөлдері бойынша жауап іздеу қажет.
Зерттеу сұрақтары
- инфрақұрылымының орналасу ерекшеліктері;
- олардың дамуындағы проблемалар;
- шешу жолдары төңірегінде болғаны дұрыс.
3. Жасалған тапсырманы 3-минуттық аудио жазба дайындау арқылы сыныптастарға тыңдату. (немесе постер, журналистің күнделігін жасауға болады)
Дескриптор
- инфрақұрылымның функционалды салаларын біледі;
- инфрақұрылымның функционалды салаларын жіктейді;
- инфрақұрылымының орналасу ерекшеліктерін анықтайды;
- аймақтардағы инфрақұрылымның дамуындағы проблемаларды зерттейді;
- шешу жолдарын ұсынады
Бағалау: «Үштік» әдісі Топтар келесі топ оқушыларының жұмыстарын 1,2,3- деңгейіндегі бағалармен бағалап дәлелдер береді.
ТАҚЫРЫП
ТҮСІНІКТІ дәлел
ТАҚЫРЫПТЫ АША БІЛУЛЕРІ,
Зерттеу деңгейі
дәлел
КӨРКЕМДІЛІГІ дәлел
І ТОП
ІІ ТОП
ІІІ ТОП
ІҮ ТОП
Ү топ
Мұғалімнің бағалауы:
Мұғалім сабақ барысында бақылаған сәттерінен айта отырып, сәтті шыққан және толықтыруға мүмкіндік бере отырып, ауызша кері байланыс береді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 777



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!