Қазақстанның климаттық жағдайы №3 (9 сынып, II тоқсан)

 Қазақстанның климаттық жағдайы №3 (9 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан климаты
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның климаттық жағдайы №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: Қазақстан климатының ерекшелігі мен халық шаруашылығына әсерін білу.
Сабақ мақсаттары: Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс жасау;
 Қазақстан климатының басты ерекшеліктерін білу;
 Қазақстанның климаттық жағдайларын аймақтар бойынша салыстыра алу;
 Қазақстан климатының халық шаруашылығына әсеріне баға бере алу.
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
- Суреттерді көру арқылы
сабақтың тақырыбы менмақсатын анықтау;
- Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.
№1 тапсырма. «Климат дегеніміз не?» бейнебаянын көре отырып, сұрақтарға жауап беру, талдау жүргізу.
- Ауа-райы дегеніміз не?
- Климат дегеніміз не?
- Климатты қандай факторлар құрайды?
- Климаттың қандай түрлерін білеміз және адам шаруашылығына ең қолайсызына сипаттама бер?
- Жергілікті жердің мысалында қандай Қазақстан климатына қандай сипаттама бересің?
- Қазақстан климатының негізгі ерекшеліктері қандай?
Бағалау:
- Оқушылар жоғарыда берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өз ойларын ашық айтып талдау жасай алады.
№2 тапсырма. Жеке жұмыс. Кестемен жұмыс. Берілген анықтамаларға дұрыс жауап беріп, сйкестендіру.
- климат –
- ауа-райы –
- ауа массалары –
- атмосфералық қысым –
- жел –
- күн радияциясы –
- изотерма –
- изобара –
- изогиета -
Қосымша 1.
Бағалау:
- Оқушылар терминдерді дұрыс нұсқасына қарап, тексеріп, өздерін бағалайды.
№3 тапсырма. Топтық жұмыс. Диктоглосс әдісі.
Оқушыларға тақырып бойынша оқу үшін қызықты материал, мәтінді диктоглосс әдісі арқылы оқылады. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап болған соң өздері сол мәтінді қайта құрастырады. Бұл жерде сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, мұғалімнің оқыған қызықты мәтінін тиянақты тыңдайды. Әр топ өздерінің мәтін бойынша есінде қалған мәліметтер арқылы оқылған мәтіннің түпнұсқасына жақын мәтін құрастырып шығады.
Қосымша 2
Бағалау:
- Оқушылар құрастырған мәтіндерін мәтіннің дұрыс нұсқасы арқылы өзге топтарды тексеріп, бағалайды.
№4 тапсырма. Топтық жұмыс. АКТ пайдалана отырып. Қазақстанның 5 аймағы бойынша экологиялық ахуалын жоспар бойынша зерттеу (Оңтүстік Қазақстан, Солтүсік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан)
- Аймақ атауы:
- Географиялық жағдайы мен орны:
- Температураның орташа жылдық мөлшері:
- Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері:
- Жиынтық радияция мөлшері:
- Аймақ климатының жалпы ерекшелігі:
- Климат ерекшелігіне байланысты қандай шаруашылық түрі дамыған?:
- Аймақтың климаттық жағдайына баға бер:
Бағалау:
- Оқушылар жоспар бойынша зерттеу жүргізіп, елші әдісі арқылы өзге топтармен пікір алмасып, бірін-бірі бағалайды.
Сабақты қорытындылау барысында мұғалімнің кері байланысы. Мұғалім сабақ барысында белсенді әрі жүйелі түрде және енжарлық танытқан оқушыларды атап өтіп, бірін мақтап, екіншісіне ескерту жасап өтеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 548



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі