Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №2 (9 сынып, I тоқсан)

 Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №2 (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: Литосфера
Сабақ тақырыбы: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)9.3.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды.
1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту.
Оқушылар алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында суреттермен жұмыс жасайды.
Оқушылар суреттер бойынша жер бедерінің түрлерін анықтап, пайда болуын түсіндіреді.
Дескрипторлар
Оқушы
-Суреттер бойынша жер бедерінің түрлерін анықтайды;
-Жер бедерінің түрлерін сипаттайды;
-Қалыптасуына әсер ететін күштерді атайды.
Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.
2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
-Осыдан бірнеше миллион жыл бұрынғы Қазақстанның жер бедерін елестетіңіздерші!
-Ол қандай болды? Қазіргі жер бедерінен айырмашылығы болды ма?
3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
• Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды.
4. Мұғалімнің түсіндірме жұмысы
Мұғалім оқушыларға геохронологиялық кестені түсіндіреді.
5. Кестемен жұмыс
Оқушылар мәтінге сүйене отырып, Қазақстанның геологиялық даму тарихы бойынша кестені толтырады.
Эра Қатпарлық Жер бедері қандай болды?
Кайназой
Мезозой
Палеозой
Протерозой
Архей
Дескрипторлар
Оқушы
-Архей, протерозойдаға қатпарлықты анықтайды, сол уақтыттағы жер бедерін сипаттайды;
-Палеозойдағы қатпарлықты анықтайды, сол уақтыттағы жер бедерін сипаттайды;
-Мезозойдағы қатпарлықты анықтайды, сол уақтыттағы жер бедерін сипаттайды;
-Кайназойдағы қатпарлықты анықтайды, сол уақтыттағы жер бедерін сипаттайды.
Оқушылар өзара бағалау жүргізеді.
6. Бейнеролик тамашалау «Сарыарқа»

Бейнероликтен кейін мұғалім сұрақтар қояды:
-Сарыарқа таулары қандай эрада және қатпарлықта пайда болды?
7. Терминдермен жұмыс
Тектоника, тақта, платформа, қатпарлық ұғымдарын анықтау.
Тектоника-жердің қыртысы мен жоғары мантиясының құрылымдарын ғаламшардың уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін ғылым.
8. Картамен жұмыс
Қазақстанның тектоникалық картасы бойынша ежелгі және жас платформаларды, қатпарлы аймақтарды анықтайды. Нәтижесін кескін картаға түсіреді.
Дескрипторлар
Оқушы
-Карта бойынша ежелгі платформаларды анықтап, кескін картаға түсіреді;
-Карта бойынша жас платформаларды анықтап, кескін картаға түсіреді;
-Карта бойынша қатпарлы аймақтарды анықтап, кескін картаға түсіреді;
-Кескін картамен жұмыс жасау ережелерін анықтайды.
Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кері байланыс ұсынады.
9. Сабақты бекіту.
Сабақты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.
• Қазақстан аумағындағы жазықтар мен таулардың таралуында қандай ерекшеліктер бар?
• Қазақстан аумағы палеозой дәуірінде қандай болған?
• Каледон тау түзілу процесінде қандай таулар түзілді?
• Герцин қатпарлы дәуірінде қандай таулар түзілді?
• Альпі қатпарлығы Қазақстанның жер бедеріне қалай әсер етті?
• Қазақстан жеріндегі жас платформаларды атаңыздар.
Қабілеті жоғары оқушылар күрделі сұрақтарға жауап береді және тақырып бойынша қорытынды жасайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 287



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?