Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №1 (9 сынып, I тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №1 (9 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Перзент сүю үшін оқылатын дұға

Пән: География
Бөлім: Литосфера
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттар: 9.3.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтап, жер бедерінің ерекшеліктерін үйренеді.
Ынтымақтастық ортасын құру
Оқу мақсаттарымн таныстыру
Күтілетін нәтижелерді белгілеу
Картамен жұптық жұмыс. Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан негізгі жер бедері түрлерін қайталайды:
1- нұсқа көршісіне Қазақстанның жазықтарын көрсетеді;
2- нұсқа көршісіне Қазақстанның тауларын көрсетеді;
ҚР жер бедері ерекшеліктері туралы айтып береді, сызбадан биік таулардың абсолюттік биіктіктері қалай аталатынын картадан анықтап, жазады.
Сұрақ: Өздерің картадан көрсеткен жер бедері қалай қалыптасты деп ойлайсыңдар?
Ол үшін Жердің геологиялық даму тарихын білу керек. Геология, тектоника ұғымдарына түсінік беріледі, салаларымен танысады.
Геология саласы:
a. тарихи геология
b. геотектоника
c. палеонтология
d. минерология
e. петрография
Осы сала ғалымдарының зерттеу нәтижелері геохронологиялық кестеде бейнеленген.
Геохронологиялық кестемен жұмыс.
Оқушыларға кесте таратылып, таныстырылады.(қосымшада)
a. Кесте төменнен жоғары оқылады.
b. Эра, дәуір, қатпарлардан тұрады
c. Протерезой эрасында қандай жағдай орын алды?
d. Қай эра ең ұзаққа созылды?
e. Қай эра ең қысқа?
f. Алғашқы өсімдіктер қай дәуірде пайда болды?
g. Қай дәуірде құрғақ, қай дәуірде ылғалды болды?
h. Қашан динозаврлар жойылып кетті?
Мәтінмен жұмыс. Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихы мен тектоникалық құрылымымен танысады
Картамен жұмыс. Геологиялық карталарда сапалық түс әдісімен және әріп белгідерімен (индекс) шөгінді тау жыныстарының түзілген уақыты, олардың құрамы көрсетіледі.
Тектоникалық карталарда платформалардың және геосинклинальды аймақтардың, жер қыртысындағы жарылулардың, шеткі иіндердің орны, олардың жасы сапалық түс әдісімен және арнаулы белгілермен көрсетілген.
№ Жер бедері түрі Қалыптасқан эра Дәуір Тектоникалық құрылым Пайдалы қазбалар
Тектоникалық және физикалық картаға қарап жер бедері қандай платформалар мен қатпарларға сәйкес келетінін анықтап, кестеде көрсетеді, қорытынды жасайды.
(Д) Кескін картаға Қазақстанның тектоникалық құрылымын бейнелейді.
Ашық қызғылт - түспен ежелгі платформаларды, кембрийге дейінгі
Көгілдір түспен - каледон қатпарлығын
Қоңыр түспен - герцин қатпарлығы
Жасыл түспен - палеозойлық тақталарды (жас платформаларды)
Сары түспен - альпі қатпарлығын
Бағалау критерийі:
Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды Дескриптор
Геохронологиялық кестені оқи біледі
Қазақстанның тектоникалық құрылымын картадан анықтай алады
Физикалық және тектоникалық картаны сәйкестендіре алады, оқи біледі, кескін картаға түсіре алады......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Картоп аршуға ерінесізбе



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle