Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (13 қазан 1963)

 Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев  (13 қазан 1963)

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (13 қазан, 1963, Үшарал, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (2016-2019). Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). 2019 жылдың 1-ші наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалады. 2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің төрағасы болып тағайындалды. Алматы қаласының әкімі (28.06.2019-дан бастап).

Өмірбаяны
Ұлы жүздің Ошақты руынан.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.
20 қаңтар — 24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
2012 Қыркүйек — 2013 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
2016 жылдың 10 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
2019 жылдың 21 ақпанда Қазақстан Президенті Сағынтаева отставкаға кетуге үкімет жолдады
«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
2019 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалады.
2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып тағайындалады.
2019 жылдың 28 маусымында қалалық мәслихаттың шешімімен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ғылыми еңбектері
Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейін жақындастыру».
Табиғи монополиялардың әрекет ету аумағын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар ғылыми жұмыстардың, жарияланымдардың авторы.

Марапаттары
«Кұрмет» орденімен (2006);
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006),
«Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Жеке мағлұматтары
Әскери атағы - запастағы капитан.
Жеке өмірі
Әкесі - Әбдір Сағынтаев, Социалистік Еңбек Ері, Жамбыл облысының «Талас» Мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры болып жұмыс істеген, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КОКП ОК Тексеру комиссиясының мүшесі, КОКП ОК съездерінің делегаты болған.
Анасы - Бештаева Құндызай, үй шаруасымен айналысқан.
Үйленген. 2 қызы, немересі бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі