Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №2 (8 сынып, III тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №2 (8 сынып, III тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жамандықтан сақтану дұғасы

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.1.2 жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар :
• Дүниежүзі аймақтарының табиғи- ресурстық потенциалын бағалайды.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
2. Тақтаға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары көрсетіледі.
3. Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі.
Табиғи ресурстық потенциал ұғымына түсінік беру.
Табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстардың үйлесімі нақты аумақтың табиғи ресурстық әлеуетін қалыптастырады.
Табиғи ресурстық әлеует - бұл белгілі бір географиялық шекараларда орналасқан табиғи ресурстар және табиғат жағдайларының жиынтығы, олар қоғамның экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени-эстетикалық сауықтыру қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Аумақтың табиғи ресурстық әлеуеті, ресурс саны, сапасы және басқа ресурстармен үйлесімімен анықталады және ол халық пен оның орналасуына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Табиғи ресурстық әлеуеттің негізгі сипаттамалары: географиялық орны, климаттық жағдайлар, жер бедері ерекшеліктері және басқа негізгі ресурс түрлерімен қатар орналасуы.
4.(Т) Мәтінді оқып, тақырыптық карталардың көмегімен, инфографика дайындаңыз.
Инфографикаға қойылатын талаптар ескертіледі.
Дескриптор Оқушылар
 Оқушылар дүниежүзінің табиғи ресурстық потенциалын анықтайды.
Оқушылар бірін- бірі бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы
5. (Д) Ең, Ең Ең....Шартты белгілер арқылы елдердің табиғи ресурстық потенциалын анықтайтын картографика әзірлеу.
Дескриптор Оқушылар
 Рейтинг бойынша ресурспен қамтылған елдерді бағалайды
6. Мұғалімнің кері байланысы. Оқушылардың жұмысын бағалау.
7. Оқушылар өз оқу жетістіктерін 1- 10- ға дейін шкала арқылы.бағалайды......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Омырау күтімі туралы 10 кеңес (+18)



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle