Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау №1 (8 сынып, III тоқсан)

 Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау №1 (8 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.1.1 табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар :
• Қазақстан территориясындағы табиғи ресурс түріне экономикалық және экологиялық тұрғыдан баға беру.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
2. Тақтаға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру. Топтарға біріктіру
Табиғи ресурс ұғымын еске түсіреді.
- Табиғат ресурстары дегеніміз не?
- Табиғат ресурстарын қалай жіктейді?
(Т) Табиғи ресурстарды классификациялайды.
1- топ Шығу тегіне байланысты (генезисіне қарай) топтастырады
2- топ. Экологиялық классификация
3-топ. Шаруашылықта пайдалануына байланысты классификациялайды.
3. (С) Миға шабуыл.
Мұнайдың әлемдегі өзіндік құны 29 $ деп есептеледі. (16-53$ аралығында)
Бұл бағаны қою үшін қандай факторларға сүйену керек деп ойлайсыз.
Су табиғи ресурс Әлемдегі су қорының мөлшері:1353985мың км³; Жердегі судың басым бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97, 5% үлесін құрайды, бірақ түщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн. км³ — ге тең.
Ал біз тұрғын үйлерімізде суды пайдалану үшін ақша төлейміз. Неге?
4. Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі.
Көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік еткен болатын. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді. Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр. Табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бүл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.
Елдердің табиғи ресурспен қамтамасыз етілу дәрежесімен танысу, ресуртармен қамтамасыз етілу формуласымен таныстыру.
5.(Т) Мәтінді оқып экономикалық және экологиялық бағалау жүргізудің ментальді картасын жасаңыз. (экономикалық және экологиялық бағалау түрлері, мақсатын т.б)
Дескриптор Оқушылар
 Табиғи ресурстарды экономикалық бағалауды және экологиялық бағалау критерийін, мақсаттарын анықтайды
6.(Т) Жоспар бойынша елдердің табиғи ресурстарына баға беріңіз. Елдердің экономикасына, экологиясына әсерінің жағымды жағымсыз жағынан бағалайды.
Жапония, Қазақстан, Германия, ОАР, Австралия, Канада
Экономикалық Экологиялық
Жағымды Жағымсыз Жағымды Жағымсыз
Дескриптор Оқушылар
 Мемлекеттердің табиғи ресурстарына баға береді
 Табиғи ресурстардың ел экономикасына, экологиясына жағымды, жағымсыз әсерін бағалайды.
Топтар бірін- бірі бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы
7. Қорытынды.
(Д) Табиғи ресурстарға экономикалық және экологиялық бағалау жүргізу қажет/қажет емес сұрағына дәлелді себебін жазады.
Дескриптор Оқушылар
 Табиғи ресурстарды экономикалық бағалауды және экологиялық бағалау жүргізілу қажет екендігін дәлелдейді....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 687



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!