Демографиялық көрсеткіштерді графикалық түрде ұсынады (8 сынып, III тоқсан)

 Демографиялық көрсеткіштерді графикалық түрде ұсынады  (8 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Әлеуметтік география
Сабақ тақырыбы: Демографиялық көрсеткіштерді графикалық түрде ұсынады
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.4.1.4 елдердің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып, түсіндіреді
Сабақ мақсаттары: Дж халқының сандық көрсеткіштерін талдау.
Психологиялық ахуал: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылар бір-біріне «Жүрек жылуы» әдісі арқылы сабаққа тілектерін білдіреді.
Тақырыпты ашу үшін оқушыларға графиктер көрсету және сұрақтар қою.
«Ми шабуыл»: графиктерге қарай отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау. Оқу мақсаттары (ОМ) жарияланады.
Тапсырма 1
Жұптық жұмыс.
Қосымша 1 дегі статистикалық мәліметті пайдаланып, әр жұп әрбір 10 жыл аралығындағы табиғи өсімді анықтап, график тұрғызады. График негізінде жылдар арасындағы өзгерістерге анализ жасайды, осы өзгерістердің себептерін анықтап көреді, болашаққа болжам жасайды.
Бағалау : жұптар жұмыстарымен алмасады. Сөйтіп өзара бағалайды.
Бағалау р/с Дескрипторлар
Дж халқының сандық көрсеткіштерін талдау
1 демографиялық көрсеткіштерді пайдаланып график тұрғыза алады
графикке анализ жасай алады
табиғи өсімнің әртүрлә болу себебін анықтай алады
болашаққа болжам жасай алады.
Жұптық жұмыс
Тапсырма 2
Әр жұпқа әр материктен немесе дамыған, дамушы елдер деп немесе тағы басқа критерийлеріне қарап 5-6 мемлекеттен бөліп беріңіз. Ол мемлекеттердің картадан географиялық орнын анықтасын. Қосымша 2 дегі статистикалық мәліметті пайдаланып, әр жұп осы мемлекеттердің жылдар аралығындағы табиғи өсімінің темпіне график тұрғызады. Қорытынды жазады.
Бағалау : жұптар жұмыстарымен алмасады. Сөйтіп өзара бағалайды. Мұғалім бағалап шықса да болады.
Бағалау р/с Дескрипторлар
Дж халқының сандық көрсеткіштерін талдау
1 демографиялық көрсеткіштерді
пайдаланып, график тұрғыза алады.
Топтық жұмыс
Тапсырма 3. Қазақстан халқы және әлем халқы көрсеткіштері (графиктер оқу)
1 топ – әлем аймақтарындағы халық санының өсу ерекшелігін зерделейді
2 топ - Қазақстанның жас –жыныстық пирамидасын зерделейді.
3 топ – Қазақстанның әр облысындағы жас-жыныстық пирамиданы зерделейді.
4 топ- ҚР халқының тығыздығы мен ерлер мен әйелдер санының ерекшелігін зерделейді.
( әр топтың тапсырмасына орай 2-3 сұрақ беріледі)
Мұғалім стикерлермен бағалап шығуы керек
Тапсырма 4 Әлемдегі халықтың өсуі графигін талқылау
мысалы, Пеницилиннің ашылуын, өмір сүру ұзақтығы ұғымын талқылайды.
«Geohive» сайтынан алынған статистиканы пайдалана отырып, оқушылар өз таңдаулары бойынша жекелеген елдердің халық саны өсуінің графигін сызады. Өсу қарқыны және осы тенденцияға қатысты пікір айтады.
Өсу қарқынын және экспоненциалды және логистикалық өсу қарқындары арасындағы негізгі айырмашылықтарды иллюстрациялау (сурет арқылы көрсету) үшін сыныпқа халықтың өсімін басқа да жолдармен модельдеу арқылы көрсетіледі. Инфографика, диаграмма, кесте арқылы графикалық жұмыстар жасауға болады
Мұғалім стикерлермен бағалап шығуы керек
Тапсырма 5 Діни құрам бойынша график дайындау
Қосымша 5-тегі стат мәліметтерді пайдаланып, Әлемдегі елдерді топқа бөліп береміз (дамыған, дамушы, орта дамыған, артта қалған елдер деп бөліп алып, елдегі халықтың діни құрамын дөңгелек немесе бағанды диаграммалар тұрғызып, оған анализ жасайды.
Бағалау : топтар өз жұмыстарын қорғайды. өзара бағалайды.
Бағалау р/с Дескрипторлар
Дж халқының сандық көрсеткіштерін талдау
1 демографиялық көрсеткіштерді
пайдаланып,елдердің діни
құрамына зерделеу жүргізе алады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 383



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі