Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау №1 (8 сынып, II тоқсан)

 Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау №1 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.4.5- өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады
8.1.1.6- зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады
Сабақ мақсаттары: Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау жолдарын білу.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.
(С) Бейнефильм «Ормандардың жойылуы»

Оқушылар бейнеролик қарайды. Көріп болғаннан кейін талқылайды, сұрақтарға жауап береді.Оқушыларға бейнефильмді мұқият тыңдауын сұраңыз. Қажетті ақпаратты жазып алулары туралы ескертіңіз.
Бейнефильм бойынша сұрақтар:
1. Ормандар құрлықтың қанша бөлігін алып жатыр?
2. Ормандар жануарлар мен өсімдіктердің қанша пайызының мекені?
3. Ормандарды не үшін кеседі (3 себебін атаңыз)?
4. Қандай ормандардың маңызы ерекше?
5. Ормандардың Жердегі өмір үшін маңызы қандай (3 маңызды жағын атаңыз)?
6. Ғаламшарымыздың экологиялық жағдайын сақтап қалу үшін не жасау қажет?
(Жж) оқушыларды жұпқа бөлу.
Жұптарға сұрақтар беру. Берілген сұрақтарды оқып шығып, өзара ой бөлісу сұралады.
1. Табиғатты (өсімдіктер мен жануарлар) қорғау бойынша қандай халықаралық ұйымдарды білесіз?
2. Жойылып келе жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қайдан білесіз?
3. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жойылуы мен азаюы қандай табиғат заңдылығының бұзылуына әкеп соқтырады?
4. Табиғатты қорғау бойынша қандай іс-шараларға қатыстыңыз?
(М) Мұғалім түсіндірмесі.
Мұғалім оқушыларға Халықаралық экологиялық ұйымдар туралы түсіндіреді.
ВВФ - ғаламшар тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды жастар қоры; Даниядағы жастардың «жасылдар қозғалысы» - Некст стол .
Гринпис («Жасыл әлем») - Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 1970 жылы кұрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше.
«Робин Вуд» - германиялық жастардың «қышқыл жаңбырларға» қарсы күрес жүргізетін экологиялық қоғамы.
ФАО - БҰҰ-ның ауыл шаруашылық және азық-түлік проблемаларымен айналысатын органы. Өзінің тікелей міндетінен басқа жануарлар дүниесі мен ормандарды қорғау ісімен және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен ұлттық парктердін қызметкерлерінің білімі мәселесімен айналысады.
ВОЗ - Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Ғаламшардағы адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен және медициналық қызметкерлердің білімімен айналысады.
МСОП - Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы.
ВФОП - Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. Дүниежүзілік фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерьлер мен табиғат қорғау клубтарын және т. б. шараларды ұйымдастырады.
Қызыл кітап -халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді.
(Т) Топтық жұмыс
Тапсырма: «ҮНДЕУ (ЛОЗУНГ) » жасау.
Плакатта өздеріңіздің достарыңызға қоршаған орта, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қажеттілігі туралы үндеу парағын жасаңыз.
Дескриптор:
Табиғатты қорғауға байланысты нақыл сөздер, суреттер, мәліметтер , шешу жолдары болуы керек.
БАҒАЛАУ:
Әрбір топтың мүшесі өздері жасаған плакаттан басқа плакатқа дауыс береді (стикерге есімін жазып,
плакат үстіне жапсырады),
осылайша ең көп «дауыс» жинаған топ плакаты жеңеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 266



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!