Географиядан сабақ жоспары: Материктердің табиғи зоналары №2 (8 сынып, II тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Материктердің табиғи зоналары №2 (8 сынып, II тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Астың бетін ашық тастама

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Материктердің табиғи зоналары №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.4.3 әр материкте орналасқан ұқсас табиғат зоналар мен биіктік белдеулерді салыстырады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар істей алады:
әр материктегі табиғат зоналарын мен биіктік белдеулерін салыстыра біледі.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бейнефильм: Табиғат зоналары
(ЖЖ) Жұптық жұмыс:Табиғат зоналарының картасын алады, әр материктегі табиғат зоналарын қарастырып шығады: қандай ұқсастық және айырмашылық бар. Материктердің табиғат зонасы қай материкте қайталанады немесе қай табиғат зонасы мүлде кездеспейді.
Тапсырма: Табиғат зонасы картасымен жұмыс:
1. Табиғат зонасының таралуында қандай өзгеріс байқадыңыз.
2. Таралған табиғат зонасының түрлерін жазыңыз.
3. Табиғат зонасының өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді? Сипаттаңыз.
Дескриптор:
1. Табиғат зонасының ендік бойынша таралуын қарастыра алады, өзгерісін байқайды.
2. Табиғат зонасының ендік бойынша өзгеруіне әсер ететін факторларды сипаттай алады.
3.Карта бойынша сипаттай алады.
Тапсырма №1. Суреттер, 7 сынып атласы табиғат зонасы және мәтінді қолданып Еуразия мен Солтүстік Американың ұқсас климаттық белдеулерін салыстырыңыз және айырмашылықтарын анықтаңыз. (қосымша №2)
Табиғат зона Еуразия климаты
топырақ
өсімдік
жануарлары Солтүстік Америка
климаты
топырақ
өсімдік
жануарлары айырмашылық.
Тапсырма (жұптық жұмыс): мәтінді қолданып, Венн диаграммасын құру.
Анд тауы және Тянь-Шань тауының биіктік белдеуінің ерекшелігін анықтайды.
Осыдан кейін оқушылар Венн диаграммасын құрып, биіктік белдеуліктің айырмашылықтарын анықтап, сызбаны дәптерлеріне толтырады.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта мен үшін ... жаңалық болды.
Бүгінгі сабақта ... ресурстармен жұмыс жасадық. Қандай мақсатта?
Үйге тапсырма: Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Асқазаныңыз ауырса



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle