Су апаттары (8 сынып, II тоқсан)

 Су апаттары (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар: Гидросфера тарауы
Сабақ тақырыбы: Су апаттары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Су апаттарын анықтайды және оның алдын алу шараларын ұсынады. (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде).
Сабақ мақсаттары: 8.3.3.7. Су апаттарын анықтайды және оның алдын алу шараларын ұсынады. (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде).
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Саналу арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу,
Б Суреттерге қарап оқушылар тақырыпты анықтайды
Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін таныстыру.
«Миға шабуыл»
Апат дегеніміз не?
Апат - (гр. katastrophe - өзгеріс, төңкеріс) кенеттен болған ауыртпалық; арты қайғыға соқтыратын жағдайлар - қирау, бүліну, жойылу.
М Су тасқындары түрлеріне анықтама беруде мұғалім шеберлігіне қарай эвристикалық талдау қолдана алады
Су апаттарының түрлері:
Су тасқыны
Сел
Қар көшкіні
Цунами
Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы.
Бейнекөрініс: «Су тасқыны»
Сел (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Бейнекөрініс: «Лай көшкіні»
Қар және мұз көшкіні– тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы.
Цунами (жапон. 津波 /t͡sɯnä́mí/) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын.
Жұптық жұмыс. Оқушылар кескін картаға орындайды.
Картадан су апаттары болатын аудандарды көрсетіп себебін жазыңыз
Тапсырма дескрипторы:
Картаны пайдаланып су апаттары жиі болатын аймақтарды анықтай алады.
Жұптық жұмысты көрсете біледі.
«Миға шабуыл»
Қазақстанның қай аймақтарында су апаттарының түрлері жиі кездеседі?
Олардың пайда болуына не әсер етеді?
Топтық тапсырма (топтық қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар)
Оқушылар мұғалім ұсынған су апатының түрлеріне және шешу жолдарына интернет материалдарын пайдаланып, репортаж әзірлейді. Репортажға критерийлерді (ұзақтығы, безендірілуі, форматы) оқушылар ұсынады. Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
1 топ - Су тасқыны
2 топ - Сел
3 топ - Қар көшкіні
4 топ – Цунами
Тапсырма дескрипторы
• Мазмұны, мәліметтермен толықтырса
• Географиялық орнын нақты көрсетсе
• Болған оқиғаны мысалға алса
• Шешу жолын ұсынса
Өз жобаларын сынып алдында қорғайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 583



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!