Геологиялық жыл санау (8 сынып, I тоқсан)

 Геологиялық жыл санау (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Геологиялық жыл санау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.8 тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіреді
8.3.1.9 геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар тау жыныстарының жасын анықтаудың әдістерімен танысады.
Геологиялық жыл санау, геохронологиялық кестені талдайды.
Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту ұсынылады (мұғалімнің жоспары бойынша)
Ой қозғау. Ғалымдар динозаврлардың жасын қалай анықтайды?
Оқушыларға сурет ұсынылады, ойлары сұралады, оқушылар жеке сосын жұпта ойланады.
Дифференциация: Сыныптың оқу дағдыларына байланысты қосымша сұрақтар беріледі.
Жер бетін тау жыныстары құрайтынын білесіздер, ал оның жасы бірдей ме?
Тау жыныстарының жасын анықтауға болады ма?
Оқушылар жеке ойланады, бірнеше оқушы жауап береді.
Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) жарияланады.
Мұғалім геологиялық жыл санау, тау жыныстарының жасын анықтау әдістері, геохронологиялық кесте туралы ақпарат береді.
Жұптық жұмыс. Тапсырма 1
Тау жыныстарының салыстырмалы, абсолюттік жасын анықтау әдістері, геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте бойынша мәтін таратылады
Оқушылар таңдауы бойынша «Баяндау» әдісі арқылы, мәтінді оқып, түсінгендерін көрші оқушыға сызба немесе сурет түрінде салып түсіндіреді.
Нұсқаулық беріледі.
Мәтінмен танысу уақыты – 4-5 минут. Жұптағы сыныптасына сызба не сурет түрінде түсіндіруі – 2-3 минут.
Бағалау критерийлері таратылады. Жұпта бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс. Мұғалім сұрақ қояды: Сыныптасыңызға түсіндіре алдыңыз ба? Таңдаулары бойынша 2-3 жұп рефлексия жасайды.
(Т) Топтық жұмыс Тапсырма № 2
Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Топ басшысын оқушылар сайлайды. Топтағы жұмыс істеу алгоритмі еске түсіріледі.
І топ- архей эрасы
ІІ топ – протерозой эрасы
ІІІ топ – палеозой эрасы
IV топ – мезозой эрасы
V топ – кайнозой эрасы болып тақырыпқа байланысты ақпараттар беріледі. Осы ақпаратты таныстырылым дайындайды. Топтық жұмыс. Презентациялауға дайындық – 4-5 минут.
Бағалау критерийлері таратылады. Жеребе тасталынады (мысалы, нарды ойыны сүйегі арқылы). Жеребе бойынша қай топ қай топты бағалайтыны анықталады.
Презентациялау – әр топқа 2 минут.
Бағалау. Барлық топ презентациялап болғаннан кейін іске асады. Егер топтардың схемалары мен суреттері бірдей болса презентациялау міндетті емес. Бұл кезде бағалау мұғалімнің топтарды бақылап, бақылау парағына жасаған жазбалары, бақылаулары арқылы іске асуы мүмкін.
Бағалау критерийлері № Дескриптор
геологиялық жылсанау мен
геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады 1 геохронологиялық кестені талдай алады
2 геохронологиялық кестедегі тау қатпарлықтарын ажырата алады.
3 Геологиялық жыл санаудағы тіршіліктің дамуы мен жер қыртысының пайда болуының ірі оқиғаларын айта алады. .
Жеке жұмыс Тапсырма 3
Жаңа білімді бекіту мақсатында терминдер мен түсініктер кестесі толтырылады. Жауабы тақтаға шығарылады. Өзін өзі бағалау жүреді. Нәтижелері жарияланады. ........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 145



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі