Салауатты өмір салтын сақтайық

 Салауатты өмір салтын сақтайық

ЖББОМ №74 Тилеухабил Ерболат

Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.
Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн.

Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр.
Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық — әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Сондықтан да басты міндеттердің бірі — балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін тәрбиені мектептегі білім беруден бастауымыз керек. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті.

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Бұл үдеріс мектепке қосымша білім беру ұйымдарында бастама алса оң нәтижелерін береді. Өйткені,денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыра аламыз. Салауатты өмір сүру салты дегеніміз – биологиялық -әлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты – адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды балағаттамау, біреудің теріс жолға түсуіне себепші болмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көрмеу, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Cпорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Ол денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар мінезді тәрбиелеп, ерік-жігерді шынықтырып, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жыл сайын елімізде салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде спортшылар мерекесі аталып өтеді. Елбасымыздың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында спорттың дамуы тың серпіліс алғанын атаған жөн. Спорт тек денені шынықтырып қана қоймай, ол адам организміндегі қан айналысын, секреторлық қызметті күшейтеді. Спортпен шұғылданғаннан кейін тері қызарады, тер көп шығады, дене қызады. Осыған орай адам терісі өз түсін өзгертеді. Дене шынықтыру бұл әр адамның денсаулығын жаксарту үшін қажетті биологиялык және социологиялық мағынасы бар емдеу түрі. Сондықтан мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын. Оқушыларымызға өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастарды қалыптастыра алсақ, пәнді оқытудағы мақсатқа жеттік деп айтуымызға болады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Инабат Азаматовна
    1 + 0 -
    Маған Салауатты өмір салты-өмірді ұзарады. Осыған эссе керек
    1. Жұмахан Сымбат
      Жұмахан Сымбат 19.10.2021 22:04
      0 + 0 -
      Овлвщащалаллададададададададап
  2. Инабат Азаматовна
    1 + 1 -
    Маған Салауатты өмір салты-өмірді ұзарады. Осыған эссе керек
  3. Инабат Азаматовна
    0 + 1 -
    Маған Салауатты өмір салты-өмірді ұзарады. Осыған эссе керек