Эссе: Салауатты өмір салтын сақтайық

Эссе: Салауатты өмір салтын сақтайық

Жолдаған: Сейтқазин Архат,
№43 ЖББ мектептің 2 "а" сынып оқушысы

Салауатты өмір салты дегеніміз — дұрыс тамақтанып, күн сайын спортпен айналысып, таза ауада серуендеу. Мұның барлығы да салауатты өмір салтын қамтамасыз етеді. Спортпен айналысатын адамдар құрдастарына қарағанда ұзақ өмір сүреді. Дұрыс тамақтану теріні жақсартып, ағза қызметін ретке келтіреді. Таза ауаның ағза үшін пайдасы мол.

Кез келген адам аман-сау жүргісі келеді. Денсаулық дегеніміз — тек биологияға ғана емес, қоғамға қатысты ұғым. Жақсы денсаулық — бұл өмірдің жақсы жағын танып, еңбектену.

Жан мен тәннің саулығын қамтамасыз ететін түрлі рәсім бар. Мысалы, су рәсімі. Ол ағзаны тұмау секілді түрлі аурудан сақтандырады. Мұнымен қатар, күн ванналарының пайдасы мол.

Денсаулығын күтетін адамның артықшылықтары көп болады. Ол өзіне қиянат жасамау керектігін біледі. Өздерінің салмағы бойына сай, бұлшық еттері қатты болады. «Тәні сау адамның жаны да сау» деген сөз дұрыс айтылған.

Денсаулық — адам баласының ең бірінші байлығы. Оны ешнәрсемен теңестіруге болмайды. Әдетте сау жүрген кезде денсаулығымыздың қандай екеніне зер салмаймыз. Оған сырқаттанған кезде ғана назар аударамыз. Көп жағдайда ауруханаға асқындырып алған соң ғана барамыз. Үй жағдайында ем жасауға тырысып, кері әсерін тигіземіз. Қара жұмыс істеп, оны нашарлатамыз.

Меніңше, біз денсаулығымызды мәңгілік өмір сүретіндей етіп күтуіміз керек. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

0 0


Комментарии для сайта Cackle