Географиядан сабақ жоспары: Материктердің климаттық ерекшеліктері (8 сынып, I тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Материктердің климаттық ерекшеліктері (8 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Ақша ма, махаббат па?

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атмосфера
Сабақ тақырыбы: Материктердің климаттық ерекшеліктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.2.4 әр материкте орналасқан ұқсас климаттық белдеулерді салыстырады
Сабақ мақсаттары: Материктердің климаттық ерекшелігін анықтау үшін жоспар бойынша екі қаланы салыстыру.
1-қадам. Амандасу.
2-қадам. Климаттық белдеулердің ерекшелігін еске түсіру үшін сұрақтар оқылады және жауапты (климаттық белдеудің атауын) дәптерге жазады.
Жеке жұмыс. Ойланайық! (өткен тақырыпты қайталау)
- Жыл ішінде қандай климаттық белдеулерде жоғары температура мен жауын-шашын мол түседі?
- Ұзақ және қатал қыс қоңыржай ендіктегі ауа массаларының әсерінен қысқа жаз мезгіліне ауысады. Бұл қандай белдеу?
- Бұл белдеуде жыл бойы құрғақ және салқын ауа массалары қалыптасады. Климаттық белдеуді атаңыз.
- Тропиктік ауа массалары мен қоңыржай ауа массалары кездесетін белдеу қалай аталды?
- Жазы жаңбырлы және жылы, ал қысы құрғақ және жылы болатын климаттық белдеуді атаңыз.
- Жыл мезгілдерінің барлық түрі айқын байқалатын климаттық белдеу қалай аталады?
Тексереміз!
- Экваторлық
- Субарктикалық
- Арктикалық
- Субтропиктік
- Субэкваторлық
- Қоңыржай
Бағалау. 6-5 сұраққа дұрыс жауап жазған оқушы жасыл карточка, 4 сұраққа орташа жауап берген сары карточка, 3 және одан да төмен ұпай жинаған оқушы қызыл түсті карточканы көрсетеді.
3-қадам. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийімен таныстыру және оқушылармен талқылау.
4-қадам. Жұптық жұмыс.
Тапсырманы орындауға мұғалімге нұсқаулық. Қажетті терминдердің мағынасын түсіну және тапсырмаларды орындау барысында қолдану үшін әр материктің ерекшелігін оқу арқылы климатты қалыптастырушы факторларды анықтау қажет. Ол үшін әр оқушыға жеке параққа шығарып беру қажет. Ескерту: егер С деңгейдегі оқушы ерте тапсырма аяқтаса, В деңгейдегі оқушының тапсырмасын беруге болады.
С деңгейдегі оқушыға климатты қалыптастырушы факторлардың астын сызу;
В деңгейдегі оқушыға климатты қалыптастырушы факторлардың астын сызу және берілген терминдерге анықтама жазу.
А деңгейдегі оқушыға климатты қалыптастырушы факторлардың астын сызу және карта бойынша қосымша ақпараттармен толықтыру (дәптерге орындау);
- Ең құрғақ материк: Аустралия, оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді және материк батыстан шығысқа қарай енді болуынан, яғни географиялық орнына байланысты.
- Ең ыстық материк: Африка, себебі материктің дәл ортасы арқылы экваторлық белдеу өтеді және екі тропиктік белдеу кесіп өтеді. Күннің сәулесі тігінен және өте мол түседі.
- Ең ылғалды материк: Оңтүстік Америка, себебі оған экваторлық, тропиктік және қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді.
- Ең суық материк Антарктида, себебі полярлық белдеуде орналасқан.
5-қадам. Топпен жұмыс. Картаны қолданып, кестені толтырады және қосымша ақпаратты беруге болады (қосымша 1)
Галерия әдісі. Оқушылар парақтарын сынып бұрыштарына іліп, аралап жүріп дескриптор бойынша балл қою арқылы топтар өзара бір-бірін бағалайды.
6-қадам. Топтық жұмыс.
Шығармашылық тапсырма
• Кестедегі бір қаланы таңдап, қаланың ерекшелігін сипаттаңыз (географиялық орны, мәдени орындары)
• Қай мезгілде баратынынды түсіндіріңіз
• Киім багажыңыз қандай болатынын анықтаңыз
Тапсырманы орындау барысында ескеріңіз:
Климат қалыптастырушы факторлар: (ендік бойынша орналасуы, мұхиттан қашықтығы, ағыстар, теңіз деңгейінен биіктігі, рельеф, желдер)
7-қадам. Оқушылардың сабаққа қатысымына, үлгеріміне мұғалімнің кері байланысы......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қазақтар көрген түсті қалай жорыған?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle