Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі (8 сынып, I тоқсан)

 Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.5 тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді.
8.3.1.6 тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды
Сабақ мақсаттары: Тау жыныстары жөніндегі білімдерді кеңейту.
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу. Cабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын айқындау.Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін сергіту сәтін өткізу.
(С) Еске түсіру.
Оқушылардан тау жынысы, магмалық жыныстар, шөгінді жыныстар, метаморфты жыныстар анықтамасын еске түсіру сұралады. Содан кейін слайдтан нақты анықтаманы көрсетіп тексеріп алады. Қажет болса дәптерге жазып алады.
Тау жыныстары - жер қыртысында жеке дене құрайтын, минералдық құрамы тұрақты болатын минералдардың табиғи жиынтығы
Магмалық тау жыныстар – бұл магманың жер бетіне шығып, суынуы мен қатуынан пайда болған жыныстар.
Шөгінді жыныстар – басқа жыныстардың бөлшектері (частицы) мен өсімдіктер және жануарлар қалдықтарынан қалыптасқан жыныстар.
Метаморфты жыныстар – жоғарғы температуралар мен қысымның әсерінен басқа жыныстардың құрамы мен қасиеттерінің өзгеруінен қалыптасқан жыныстар
(М) Мұғалім түсіндірмесі.
Литосфераның заттық құрылымы. (Қосымша №1)
(Ж) Мәтінмен жұмыс
Оқушылар мәтінді оқып шығып кесте толтырады.
Тапсырма №1.Кесте толтыру.
Магмалық т.ж Шөгінді т.ж Метоморфтық т.ж
Сипаттамасы
Қасиеті
Пайдалы қазбалар
(қосымша №2)
Кестені талдап болғанан кейін оқушыларға гранит, пемза, тұз, көмір, алмаз, мәрмәр тау жыныстары беріледі, минералдардың түрлерін шығу тегі бойынша жіктеу ұсынылады. (қосымша №3)
Еске түсіру. Картамен жұмыс.
1.Тектоникалық құрылымдарды атап шығыңыз.
Плита, Платформа, Қалқан, Қатпарлар
Тапсырма №2. «Жер қыртысының құрылымы» картасын пайдаланып, минералдық ресурстардың таралу заңдылығын шығарыңыз. Кестені толтырыңыз. (қосымша № 4)
(С) сынып жұмысы. Тақырыптық карталармен жұмыс.
Тапсырма №3. Тақырыптық карталарды қолданып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз (дәптерде).
A. Қазақстанның пайдалы қазбалар картасын (атлас 8 сынып, келесі слайдта) қолданып, мұнай мен табиғи газдың шоғырлану аймақтарын анықтаңыз.
B. Мұнайдың шоғырлану себептерін түсіндіріңіз. Қандай тақырыптық картаны қолданамыз?
C. Мұнайлы –газды аймақтарына мысалдар келтіріңіз.
D. Қазақстанның пайдалы қазбалар картасын қолданып, тас көмірдің және қоңыр көмірдің шоғырлану аймақтарын анықтаңыз. Алаптарына мысалдар келтіріңіз.
E. Көмірдің таралу себептерін түсіндіріңіз.
F. Полиметалл кені Қазақстанның қандай аймақтарында шоғырланған. Таралу себебін түсіндіріңіз. (Қосымша №5)
Дескриптор, оқушы
- тақырыптық карталарды қолданып, берілген сұрақтарға жауап береді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 514



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?