Географиядан сабақ жоспары: Жер қыртысының қалыптасуы мен тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен оқиғалар (8 сынып, I тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Жер қыртысының қалыптасуы мен тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен оқиғалар (8 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Тақырыбы: Жер қыртысының қалыптасуы мен тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен оқиғалар
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 8.3.1.9 – геологиялық жыл санау және геохронологиялық таблица негізінде Жер қыртысының қалыптасуы мен тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен оқиғаларды белгілеп көрсетеді.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Жер қыртысының қалыптасуы мен тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен оқиғаларды анықтап үйренеді.
Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту ұсынылады (мұғалімнің жоспары бойынша)
Ой қозғау. Ғалымдар миллиондаған жылдар бұрын Жер ғаламшарында қандай процесстер болғанын қалай анықтайды?
Оқушылар жеке ойланады, бірнеше оқушы жауап береді.
Оқушылардан «Геологиялық жыл санау және геохронологиялық таблица негізінде» деген мазмұнда жауаптар күтіледі, себебі бұл ұғымдар алдыңғы сабақтарда қарастырылған.
Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) жарияланады.
Мұғалім «Білім-ленд.кз» сайтындағы ресурстар негізінде
геологиялық жыл санау және геохронологиялық таблица негізінде Жер қыртысының қалыптасуы мен тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен оқиғалар туралы мәліметтер келтіреді (Сайтқа кіру алгоритмі презентацияда көрсетілген).
Оқушылар оқулықтағы (2018-2019 оқу жылында оқулық дайын болады деп күтілуде немесе «Қазақстанның физикалық географиясы, 8-сынып, Бейсенова Ә., Карпеков Қ. оқулығын пайдалануға болады») мәтінді оқиды.
Мәтінді мұғалім ұсынса болады.
Оқушылар 44-52 б. б. геохронологиялық кестені, мәтінді пайдаланып Жер қыртысының қалыптасуындағы ірі кезеңдерді анықтайды. Осы мақсатпен
Білім-ленд.кз сайтындағы (сайтты жалпы білім беретін мектептер тегін қолдана алады) «Таулардың пайда болуы» № 4 ресурсымен (деректі слайдтар) танысады.
Алынған мәліметтер негізінде 1-тапсырманы орындайды.
Бағалау: тақтаға жауаптары шығарылады. Өзін өзі бағалау іске асады.
2-тапсырма. Мәтін таратылады («Тіршілік кезеңдері»). Тапсырма. Оқушылар «Баяндау» әдісі арқылы мәтінді оқып, түсінгендерін көрші оқушыға ауызша түсіндіреді.
Нұсқаулық беріледі.
Мәтінмен танысу уақыты – 4-5 минут. Жұптағы сыныптасына сызба не сурет түрінде түсіндіруі – 2-3 минут. Геохронологиялық кестеге дәуірлердің атауларын қойып, тіршіліктің дамуындағы ірі оқиғаларды кезеңдер бойынша белгілеу ұсынылады.
5-7 минут.
Бағалау критерийлері таратылады.
Жұпта бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс. Мұғалім сұрақ қояды: Сыныптасыңызға түсіндіре алдыңыз ба? Таңдаулары бойынша 2-3 жұп рефлексия жасайды..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
БАЛА БОЛМАУДЫҢ 50 пайызы ЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle