Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері (8 сынып, I тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері (8 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Шаш шаятын сұйықтық дайындайық

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.1.10. Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға беру (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде).
Сабақ мақсаттары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсерін жіктеп, бағалауды үйренеді.
Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады.
Оқушылар әр түрлі жер бедерінің суреттері бойынша 4 топқа бөлініп отырады.
Оқушыларға тақтадан сурет көрсетіледі. Балалар жеке ойланады, қалаулары бойынша ойларымен бөліседі. Қажет болған жағдайда мұғалім бағыттаушы сұрақ қояды.
Мұғалім сабақтың тақырыбын болжауды сұрайды. Тақырып көрсетілгеннен кейін, сабақтың мақсаттары айтылады.
«Ой шақыру».
Жер бедері адамзат тіршілігі мен шаруашылығына әсер ете ме?
Оқушылар жеке ойланады, топта талқылайды өз ойларын сынып алдына ұсынады.
Жұптық жұмыс
1-тапсырма. Мұғалім нұсқаулық береді.
Оқушылар мәтінді Insert «түртіп алу» әдісі арқылы жеке оқиды. Мәтін парағының шетіне немесе мәтін жолдарына төмендегідей белгілерді түсіре отырып оқиды:
- Білемін (V)
- Мен үшін жаңа ақпарат (+)
- Мен олай ойламаймын, келіспеймін ( – )
- Сұрағым бар (?).
Мәтінмен танысып болғаннан кейін жұптар кеіспейтін (-) және сұрағы болған (?) жолдарды сынып алдында оқиды. Оқушылармен бірге талқылап, мұғалім кері байланыс жүргізіледі.
Мұғалім Тянь-Шань сияқты таулы аймақтардың туризм дамуына әкелетін қолайлы және қолайсыз жақтары туралы талқылау жүргізеді.
Топтық жұмыс.
Топқа бөліну кезінде берілген Қазақстан жер бедерлерінің шаруашылыққа әсерін сипаттап баға береді.
Топтық жұмыстың алгоритімі ұсынылады:
Бағалау.
1-2,2-3,3-4,4-1 топтарға алгоритім бойынша бағалау жүргізіледі.
Қорытынды.
Мұғалім сабақтың мақсатына қайта оралып оқушылардың жұмыстарына тоқталып қорытынды жасайды. .....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Күндізгі әлсіздік пен ұйқышылдықты жоюдың ең оңай жолы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle