Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары (7 сынып, IV тоқсан)

 Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары (7 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.2.1 - қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде экономикалық инфрақұрылымның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді
Сабақ мақсаттары: Экономикалық инфрақұрылымды сипаттайды
Экономикалық инфрақұрылымның салаларын түсіндіреді
Эконмикалық инфрақұрылымның маңыздылығына баға береді.
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу,түгендеу,
«Төрт сурет, бір сөз» ойыны арқылы психологиялық ахуал жүргіземін.
Жетелеуші сұрақтар:
- Суреттерден не байқап тұрсыздар?
- Базарда не сатылады?
- Сен базарда болдың ба?
- Сен базардан не сатып алдың?
- Базар деген экономикамыздың қандай саласы деп ойлайсың
Мұғалім жетекші сұрақтарды нақты дайындайды.
- инфроқұрылым ұғымын қалай түсінесіңдер?
- инфроқұрылымға мысал келтіре аласыңдар ма? т.б.
Мұғалім оқушыларды инфрақұрылым, көлік, байланыс, сауда-экономикалық, басқару, қаржы, ақпарат ұғымдарының анықтамаларымен таныстырады.
Оқушылар инфрақұрылым ұғымына өз анықтамасын немесе түсінігін ұсынады.
Сосын суреттер таратып беріп, суреттер бойынша инфрақұрылым салаларын кестеде жіктейді.
Оқушылар инфрақұрылымның төмендегі салалары бойынша қызмет көрсету маңыздылығын ауызша сипаттайды.
1) әлеуметтік инфрақұрылым (мектеп, аурухана)
Әлеуметтік инфрақұрылым - халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз етуге қызмет ететін салалар (кәсіпорындар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, тұрмыстық қызмет ету орындары) жиынтығы.
2) экономикалық инфрақұрылым (сауда, қаржы)
Экономикалық инфрақұрылым- банк қызметтері, қаржы, нарық.
Оқушылар белгілі бір тауар түрін алып оны сатып алудың жолдарын экономикалық инфрақұрылымдарды байланыстыра отырып сипаттайды.
3) көлік және коммуникация (темір жол, вокзал)
Тапсырма 1 топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді пайдалана отырып, инфрақұрылым салаларын сипаттайды әр инфрақұрылымға жататын нысандарды айтады
І топ – экономикалық инфрақұрылым (сауда, қаржы)
ІІ топ – денсаулық сақтау, білім беру
ІІІ топ – тұрмыстық қызмет көрсету орындары
ІV топ – ақпараттық қызмет
Дайындалып болған соң әр топ қорғайды
Топтар критерий бойынша бағалайды.
Бағалау критерийі:
Экономикалық инфрақұрылымды сипаттай алады;
Экономикалық инфрақұрылымның салаларын түсіндіре алады;
Тапсырма 2 Жеке жұмыс
Тақтадан семантикалық картаны толтырады.
Мұғалім тексеріп шығады
Тапсырма 3, Жұптық жұмыс
Әр жұпқа бір инфрақұрылым саласын беріңіз
Осы саланы сипаттау жоспарын ұсыныңыз.
Сипаттау жолына ұсыныс:
- мақсат міндеті;
- атқарып жатқан қызметі;
- маңыздылығы:
- жақсарту жолдары
Мұғалім сипаттау жоспарын өзгерте алады.
Оқушылар таңдау бойынша әлеуметтік инфрақұрылымның 1 саласын сипаттайды, маңыздылығына мысал келтіреді.
Бағалау критерийі:
Экономикалық инфрақұрылымның маңыздылығына баға бере алады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 083



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!