Биосфера-тіршілік қабаты (7 сынып, IV тоқсан)

 Биосфера-тіршілік қабаты (7 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Биосфера-тіршілік қабаты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)7.3.4.1 Биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Сызба және фотосуреттер арқылы биосфераның шекарасы, құрылымын атау
Биосферадағы зат айналымын түсіндіру
Биосферадағы ағзалардың көптүрлілігін сипаттау.
сәлемдесу
тугендеу
ынтымақтастық атмосферасын құру
4 суретті киып, мозайка әдісі арқылы оқушылар құрастырып, топқа бөлінеді.
Атмофера,гидросфера, биосфера литосфера қабықтар бойынша топқа біріктіріледі.
Суреттер бойынша тақырып анықталады.
«Миға шабуыл» әдісі.
Биосфера дегеніміз не?
Биосфераның шекарасы барма?
Бейнематериал тамашалайды.
 1 тапсырма. топтық жұмыс. Жұмысты орындауға 3 минут, ал қорғауға әр топқа 1 минуттан уақыт беріледі.
Тапсырма бойынша оқушылар суретті қолдана отырып топпен биофера шекарасына талдау жасайды:
 Биосфераның жоғары және төменгі шекарасын нақтылап жазыңыздар
 Қорытынды жасаңыздар
Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар
Биосфера шекарасын нақтылау 1 Биофераның жоғары және төмені шекарасын нақтылайды
2 Қорытынды жасайды
Биосфера ғылымына үлес қосқан ғалымдар туралы презентация арқылы көрсетіледі.
 Талдау тапсырма 2. топтық жұмыс. Жұмысты орындауға 3 минут, 1 минутта мұғалім топтың жауабын тексереді.
Тапсырма 2 Әрбір ғалымның қосқан өзіндік еңбектерінің жауабын тауып,реттік санының тұсына жауабының әріптерін жаз.
1.В.И.Вернадский
2.Э.Зюсс
3.В.В.Докучаев
4.Ж.Б.Ламарк
А. «Биосфера»терминін ғылымға тұңғыш рет енгізген ғалым
Ә. «Биосфера»туралы ілімінің негізін салған ғалым.
Б. «Биосфера»туралы алғашқы ой-пікірлер айтқан ғалым.
В. «Биосфера»терминін геология ғылымында кеңінен қолданған ғалым
1----------:2----------:3---------:4-------:5------:6------------
Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар +/-
Биосфера ғылымына үлес қосқан ғалымдарды анықтау 1 Биосфера ғылымына ғалымдардың қосқан үлесін біледі.
Мәтінмен жұмыс.
Зат айналымы. Тірі ағзаларға тән қасиеттердің біріне зат айналымы жатады. Биосфераның пайда болуы және оның тұрақтылығы әрі біртұтастығы барлық ағзалар мен айналадағы орта арасында болатын биологиялық айналымға тікелей байланысты.
Табиғатта болатын зат айналым ағзалардың үш тобының қатысуымен жүреді. Біріншіден, продуценттер (жасыл өсімдіктер) күннің жарық энергиясын сіңіру арқылы бастапқы өнім болып саналатын — органикалық заттарды түзеді. Ол заттар негізгі тіршілік тірегі болып саналады. Екінші, консументтер (әр түрлі сатыдағы) дайын органикалық заттарды пайдаланып, оларды бір түрден екінші түрге айналдырады да, Жер бетінде тіршіліктің жандана түсуіне және олардың ұрпақтарының үнемі алмасып отыруына жағдай жасайды. Үшінші, редуценттер — органикалық заттарды минералды заттарға ыдыратады және сол арқылы табиғатта кажетсіз қалдықтардың жиналуына жол бермейді.
Табиғатта болатын биологиялық зат айналымын сызбанұска арқылы көрсетуге болады:
жасыл өсiмдіктер жануарлар ұсақ ағзалар
(продуценттер) (консументтер) (редуценттер).
 Талдау тапсырма 3. топтық жұмыс. Жұмысты орындауға 3 минут, ал қорғауға әр топқа 1 минуттан уақыт беріледі.
Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар +/-
Биосферадағы зат айналымы туралы оқу 1 Биоферадағы зат айналымның ағзалардың қатысуымен жүретінін біледі.
2 Қорытынды жасайды
2Топтық сұрақтар:
1. Биосферадағы айналымның ерекшелігі қандай?
2. Продуценттер, редуценттер, консументтер дегеніміз не?
3. Олардың биологиялық зат айналымға қатысын түсіндіріңіз.
Экожүйе тақырыбында бейнематериал тамашалайық.
Экожүйе = табиғи бірлестік + табиғи орта жағдайы
(биогеоценоз) (биоценоз) (экотоп не биотоп)
Экожүйе, биоценоз ұғымдарымен танысып, анықтамаларын дәптерлеріне жазып алады.
Жеке жұмыс
Сәйкестендіру
Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар +/-
Биосфера тақырыбында өткен сөздердің анықтамаларын білу 1 Анықтамаларды біледі.
Терминдер Мағыналары Жауабы +/-
1.Биосфера 1 органикалық заттарға ыдыратушылар
2.Биоценоз
2.Жер бетінің біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және майда ағзалар бірлестігі
3. редуценттер 3 органикалық заттарды түзушілер
4. консументтер 4Биоценоздардың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым
5.экожүйе
5 Жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы
6.продуценттер
6. Органикалық заттарды екінші түрге айналдырушылар
7. Биогеография 7 Тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Жауабы
1-5, 2-2,3-1,4-6,5-7,6-1,7-4
Сабақты веер әдісі бойынша қорытындылайды. Қағаздан веер жасап 2 ашық сұрақ жазады да , келесі топтағы оқушымен алмастырады. Жауап жазып қайта алмастырып, жауаптарын тексереді.
Бағалау
Кері байланыс
Не сәтті өтті? Не сәтсіз өтті? Ұсынысыңы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 865



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!