Дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орналасуы (7 сынып, II тоқсан)

 Дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орналасуы (7 сынып, II тоқсан)

Пән:География
Ұзақ мерзімді жоспарм бөлімі: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орналасуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын сипаттау.
Сабақ мақсаттары: Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын сипаттау.
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. «Шаттық шеңбері» сабаққа жұмылдыру;
- Бейне материал көру арқылы
сабақтың мақсатын анықтау;
- Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.
№1 тапсырма. Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс.
- Мұхит –
- Теңіз –
- Шығанақ –
- Бұғаз –
- Арал –
- Архипелаг -
Оқушылар жоғарыда берілген терминдердің анықтамасын табады. Қосымша 1
Дескрипторлар:
- Оқушылар тақырыпқа қатысты терминдердің анықтамасын жаттап, бір-бірінен ажырата алады
№2 тапсырма. Кестемен жұмыс.
Оқушылар дүние жүзілік мұхиттарға (көлемі, географиялық орны, ерекшелігі, теңіздері, бұғаздары, шығанақтары, қандай құрлықтарды шайып жатқатына, табиғи ресурстарына)сипаттама береді.
Жоспар:
мұхит аты –
географиялық орны –
шекарасы -
көлемі –
ең терең жері –
орташа тұздылығы –
теңіздері –
бұғаздары –
шығанақтары –
табиғат ресурстары -
Қосымша 2.
Дескрипторлар:
- Оқушылар кестемен жұмыс жасауда жоспар бойынша дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орны, көлемі, тереңдігі, қасиеті, табиғат ресурстары туралы толық мәліметті біліп, мұхиттарды бір-бірімен салыстыра алады
№3 тапсырма. Кестемен жұмыс. Оқушылар төмендегі сөздерді кестенің тиісті жеріне орналастырып шығады.
Кариб теңізі, Араб теңізі, Жерорта теңізі, Лаптевтер теңізі, Бенгал шығанағы,Гвинея шығанағы,Аляска шығанағы,Оленек шығанағы, Мадагаскар аралы, Гавай аралы, Жаңа Жер аралы,Куба аралы. Қосымша 3
№ Мұхит атаулары Мұхиттың құрамдас бөліктері
1 Тынық
2 Атлант
3 Үнді
4 Солтүстік Мұзды
Дескрипторлар:
- Оқушылар кестемен жұмыс жасауда мұхиттардың құрамдас бөліктерін дұрыс орналастыра біледі
№4 тапсырма. Оқушылар картаны пайдаланып берілген нысандардың аттарын жазып шығады! Картада географиялық нысандардың бас әріптерімен берілген мысалы: «г» әріпін Еуропа мен Африка материгін бөліп тұрған тар су айдынын Гибралтар бұғазы деп атаса. Қосымша 4
Дескрипторлар:
- Оқушылар картада көрсетілген географиялық нысандардың дұрыс орналасуын біледі
№5 тапсырма. Сыныппен жұмыс.
Тәжірибе көрсету. /Екі ыдысқа су құйып, біреуіне тұз саламыз, кейіннен тұзды судың қасиетін айтамыз/
Есеп шығару: 3 л суда 72 гр тұз бар. Судын тұздылыгы нешеге тең?
Шығару жолы: 72/3 = 24 гр тұз.
Егер 1 л суда 24 гр тұз болса, демек судын тұздылыгы 24 промилле
Дескрипторлар:
- Оқушылар тәжірибені көре отырып судың тұздылығын анықтау жолын біледі
Қорытындылауға арналған сұрақтар
Әлемде қанша мұхит бар?
Дүние жүзілік мұхиттың жалпы көлемі қанша?
Дүние жүзілік мұхиттың адам баласы үшін маңызы қандай?
Неліктен мұхитты жылу қорының жинаушысы дейді?
Мұхит суының орташа темпратурасы қандай?
Тереңдікке байланысты мұхит суының температурасы қалай өзгереді?
Экватор маңы мен полярлық аймақтағы мұхит суы температурасының айырмашылығы неге байланысты?
Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгерісінің мұхит суы температурасына қандай әсері бар?
Мұхит суы қандай температурада қатады?
Мұхиттың орташа тұздылығы қанша?
Тұздылығы 32‰ нені білдіреді?
Судың тұздылығы қандай себептерге байланысты?
Әдетте су 0 0С-та қатады. Неліктен мұхит суының қату температуасы төмен болады?.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 160



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі