Географиялық деректер базасын жинақтау (7 сынып, I тоқсан)

 Географиялық деректер базасын жинақтау (7 сынып, I тоқсан)

Пәні: География
Бөлімі: Географиялық карталар
Сабақ тақырыбы: Географиялық деректер базасын жинақтау
Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары: Географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді
Сабақтың мақсаты: Географиялық объектілерді категориялар бойынша топтастыра алады.
Сәлемдесу.
Тақырыпқа шығу:
Слайдтағы суреттерді көру арқылы, оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
(С) Географиялық ақпараттың дерек көзі не?
(Ж) Жеке жұмыс.
Мәтінмен жұмыс. «Географиялық ақпараттық орта»
«Дигтоглосс» әдісі
1. Мәтінді мұқият оқып, ол бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз
2. Тірек сөздерді жазып алыңыз
3. Басты ойды анықтаңыз
Оқушылар жасалған жұмыстың нәтижелерімен сыныптастарымен бөліседі.
(Ж) Жұптық жұмыс.
Кестемен жұмыс. Әр жұп келесі сөздерді санаттар бойынша бөлу керек:
Халықтың ауыруы, гидрография, телекоммуникациялар, халық саны, түрлердің құрамы, таралу ареалы, ұлттық саябақтар, жауын - шашын, құбырлар, өнеркәсіп, жолдар, топырақ, геология, халық тығыздығы, батпақ, мұхит, орман, туу мен өлім.
«Дерек көздері қолданылатын аумақ»
Халық географиясы Қоршаған орта Саяси география Флора мен фауна Экономика Табиғи ресурстар
Бірін бірі бағалау: Түбіртек парағы арқылы. Мұғалім дұрыс жауаптарын белсенді таұтаға шығарады.
Оқушылар тексеру үшін басқа жұптармен дәптерлерімен алмасады
Бағалау критерийлері: Егер жұп барлығын дұрыс орындаса, тексеруші жұп олардың дәптерлеріне саяси картаның кішірейтілген нұсқасын жабыстырады, ал егер қателік жіберілген болса, кескін картаның кішірейтілген нұсқасын жабыстырады.
Барлық сыныпқа тапсырма
Активити «QWESTION LOOP». 10 қағаз таратылады, әр қағаз екі бөліктен тұрады, бірінші бөлікте сұрақ жазылады, ал екінші бөлікте жауап, тек ол басқа сұрақтың жауабы болады. Әр оқушы кезекпен сұрақты оқиды, оның жауабы жазылған қағазы бар оқушы жауабын оқып, кейін өз сұрағын оқиды, солай тізбек жалғаса береді.
Т) Топтық жұмыс.
Кестемен жұмыс.
Өз қалаларының обьектілерін келесі категориялар бойынша топтастырады (көрікті жерлер, қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар) және кесте түрінде ұсынады
көрікті жерлер қонақ үйлер ойын-сауық орталықтары мейрамханалар
Оқушылар жасалған жұмыстың нәтижелерімен сыныптастарымен бөліседі.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 194



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?