Географиядан сабақ жоспары: Ұлы географиялық ашылулар Ғылыми экспедициялар кезеңі (7 сынып, I тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Ұлы географиялық ашылулар Ғылыми экспедициялар кезеңі (7 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Күтуден жалықпаймын

Пән: География
Бөлім: Географиялық зерттеулер әдісі
Тақырып: Ұлы географиялық ашылулар Ғылыми экспедициялар кезеңі
Оқу мақсаты: Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесіне баға беру.
Сабақтың мақсаттары: Ұлы географиялық ашылулар дәуірі ғылыми экспедициялардан немен ерекшелінетінің анықтау.
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс үшін 12 минут
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі, оқушылармен сәлемдесу.
Өткен материалды қайталау:
1. Ерте ортағасыр кезеңінің географиялық нәтижелері қандай болды?
2. Ұлы географиялық ашылулар дәуіріне қандай алғышарттар әсер етті?
3. Үндістанға жолды ашу неліктен маңызды болды?
4. Қандай саяхатшылар Үндістанға баратын теңіз жолын ашуға талпыныстар жасады? Олардың нәтижелерін бағалаңыз.
5. Ұлы географиялық ашылулардың теріс салдары қандай?
(М) Оқушыларды оқу мақсаты, сабақ мақсатымен таныстыру және сабақтың тілдік мақсаттарына назар аудару.
(Ж, ҚБ). Сыныпты топтарға бөліңіз.
(М) оқушыларды тапсырма мазмұнымен таныстырыңыз, бағалау критерийлеріне назар аударыңыз және ҚБ тапсырмаларын орындаудың аяқталуы бойынша оны дискрипторлар бойынша бағалаңыз.
(Ж, ҚБ). Сыныпты 4 топқа бөліңіз.
1 топ Фернан Магелланның саяхаты
1. Ұсынылған карта бойынша Фернан Магелланның жүру маршрутын зерттеңіз. Саяхат маршрутының ірі географиялық объектілерін анықтаңыз.
2. Мәтін ұсынылған бөліктерін дұрыс ретпен орналастырыңыз. Мәтін бөліктерінің реттілігі дәлелдемелерін ұсыныңыз.
3. Ф. Магелланның Жер шарын айналып шығу саяхатына өз бағаңызды беріңіз.
2 топ Австралияның ашылуы
1. Ұсынылған карта бойынша Абель Тасман мен Джеймс Кук саяхаттарының маршруттарын зерттеңіз. Саяхат маршрутының ірі географиялық объектілерін анықтаңыз.
2. Мәтін ұсынылған бөліктерін дұрыс ретпен орналастырыңыз. Мәтін бөліктерінің реттілігі дәлелдемелерін ұсыныңыз.
3. Австралияның ашылуына өз бағаңызды беріңіз.
3 топ Антрактиданың ашылуы
1. Ұсынылған карта бойынша Ф.Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лазаревтың саяхаттарының маршруттарын зерттеңіз. Саяхат маршрутының ірі географиялық объектілерін анықтаңыз.
2. Мәтін ұсынылған бөліктерін дұрыс ретпен орналастырыңыз. Мәтін бөліктерінің реттілігі дәлелдемелерін ұсыныңыз.
3. Антарктиданың ашылуына өз бағаңызды беріңіз
Сабақ соңы
4 топ Азияға экспедициялар
1. Ұсынылған карта бойынша П.П. Семенов пен Н. М. Пржевальский саяхаттарының маршруттарын зерттеңіз. Саяхат маршрутының ірі географиялық объектілерін анықтаңыз.
2. Мәтін ұсынылған бөліктерін дұрыс ретпен орналастырыңыз. Мәтін бөліктерінің реттілігі дәлелдемелерін ұсыныңыз.
3. Азияның ашылуына өз бағаңызды беріңіз.
Әрбір топ орындалған тапсырмаларды көрсету қажет.
1. «Уақыт сызығы»-нда Ұлы географиялық ашылулар мен ғылыми экспедициялары саяхаттарының хронологияларын құрастырыңыз.
2. Берілген кезеңдердің нәтижелері туралы қорытынды шығарыңыз.
Тақырыптық білімдер мен дағдыларды бекіту.
Ұлы географиялық ашылулар дәуірі мен ғылыми экспедициялар кезеңі арасында қандай айырмашылық болды?
Рефлексия:
1. «Сәттілік сатысы»-ндағы өз орныңызды бағалаңыз.
2. Оқу іс-әрекеттерін жақсарту үшін өздеріңіздің алдағы әрекеттеріңізді ойластырыңыздар......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жүзіңізді жайнататын 5 әдіс



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle