Бейтаныс планетаға жету (4 сынып, IV тоқсан)

 Бейтаныс планетаға жету (4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ғарышқа саяхат»
Сабақ тақырыбы:Бейтаныс планетаға жету
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)
4.2.6.2 Көркем, публицистикалық, ғылыми және ресми стильдің түрлерін (мақала, күнделік, өмірбаян, хат, естелік ...) ажырату.
Сабақ мақсаттары: Мәтін түрін ажырату.
Сабақтың басы
(Ұ) Сұрақ-жауап.
Оқушылар ғарышкерлер тақырыбында әңгімелеседі.
Сабақ ортасы
(МК) Оқушыларға оқылым үшін мәтін беріледі.
(МК), (Ұ), (ҚБ) Мәтінді оқу. Сұрақтар қою арқылы мәтін тақырыбы мен мазмұнын салыстыру, сәйкестігін анықтау. Мәтііннің түрін анықтау.
Ғарыш айлағы
"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Оның негізі 1955 жылы қаланған."Байқоңыр" ғарыш айлағын салу үшін бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қолайлы қону факторлары ескерілді.Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.
1957 жылы Байқоңырдан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды.Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері ұшырылды.
Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары бар: Қазақстан жеріне жылына 30 - 35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
(Т), (ҚБ) Тыңдалған мәтінді оқу, қажетті ақпараттарды табу, «Деректер кестесін» толтыру.
Не? Қайда? Қашан? Не істеді?
(Ө) Мәтіннің ішінен етістіктерді тауып, кестеге түрлендіріп жазу.
(Т) «Сұрақтар қоржыны»
Мәтін мазмұны бойынша топтарға сұрақтар құрастыру және топтардың сұрақтарына жауап беру.
(Дифф) Оқушылар планетада болуы мүмкін әңгімені жоспарлайды. Олар әңгіме тауын қолданып, әңгіменің негізгі оқиғаларын жоспарлайды. Оқушылар қай кейіпкер хабарлаушы немесе әңгімелеуші болатынын шешеді және олардың ойларындағы сипаттамалары мен іс әрекеттері арқылы қалай оқиғаларды көретінін қарастырады. Оқушылар әңгімедегі оқиғалардың нәтижесі бойынша бұл кейіпкер қалай өзгеруі мүмкін екендігін қарастырады.
(Т) Оқушылар әңгімелерін бір-біріне айтады. Олар әрбір айтқан әңгімелерінің сюжеті мен детальдарын біріктіріп өңдеу үшін қайта құрады және өзгертеді. Оқушылар бір-бірінің әңгімелерін тыңдайды ,сюжеттің қызықтығы мен ұқсастығын және кейіпкер туралы пікірлер айтады.
(ОТ) Мәтін түрін ажыратады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 550



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!