Шығармадағы оқиғаны болжау «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі) (4 сынып, II тоқсан)

 Шығармадағы оқиғаны болжау «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі) (4 сынып, II тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі)
Оқу мақсаттары: 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы тақырыбына сүйеніп мұғалім көмегімен сюжеттің дамуын болжайды, шығарманың композициялық құрылымын атай алады.
Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, себептерін мәтіннен келтіре алады, мұғалім көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады;
Кейбір оқушылар: шығармадағы шығарманың тақырыбына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжай алады, себептерін бағалай отырып түсіндіре алады, шығарманың композициялық құрылымын анықтайды.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы:
(Ұ) «Терминдер» арқылы болжау әдісі.
Тақтаға мейман, аспаз, тіл, патша сөздері ілінеді немесе сілтемесі бойынша «Рататуй» мультфильм үзіндісі көрсетіледі. Оқушылар осы сөздер арқылы оқылытын шығарманың тақырыбын болжайды, өз ойларын айтады.
Талқылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.
Оқу мақсатын хабарлау:
Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, себебін талқылаймыз. Шығарманың композициялық құрылымын анықтаймыз.
Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ұ) Оқушыларға «Ақылды аспаз» ертегісінің бір бөлігін оқу тапсырылады. Оқу кезінде кейіпкерлердің іс-әрекетінің бейнеленген тұстарды белгілеп отыру ұсынылады. Бірінші бөлікті оқығаннан кейін өздері жасаған болжаммен салыстырады. Оқушылар оқиғаның әрі қалай дамитыны туралы өз ойларын айтады.
-Мәтіннің екінші бөлігі оқылады. Жасалған болжамдарымен салыстырады.
-Ертегіні тұтас шолып оқуға уақыт беріледі.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатыны болжанады.
Б: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды.
2-тапсырма
(Ө) «Ашық микрофон» ойыны. Әр топтан 1 тілші шығады. Тілші шығарма бойынша сұрақтар қояды. Топ мүшелері қойылған сұрақтарға жауап береді.
- Ертегі қалай басталады?
- Аспаз неге бар ақшаға тіл сатып алды?
- Аспаздың ең жақсы тағам тіл деген ойымен келісесің бе? Ойыңды дәлелде.
- Аспаз неліктен ең жаман тағам тіл деп ойлайды? Себебін түсіндір.
- Ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?
Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырманы орындау барысында өздерінің пікірін қосуына, ал қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.
Б: Ұтымды жауаптарға тілші өз бағасын береді. Оқушылар бірін- бірі бағалайды.
3- тапсырма
(Т) Кесте бойынша әр топ ертегінің композициялық құрылымын анықтайды. Ол үшін ертегідегі оқиғалар ретін еске түсіреді. Сызба бойынша топта талқылайды.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады., бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Б. Топтардың өзара бірін – бірі бағалауы.
4- тапсырма
(Ө) Кейіпкерлердің іс- әрекетін еске түсіре отырып, кестені толтыр.
Кейіпкерлер Іс- әрекеті
Не істеді? Мінез- құлқы
(қандай?)
Аспаз
Патша
Қонақтар
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар кейіпкердің мінез-құлқын анықтауда қарапайым бір- екі мысал жазады. Ал, қабілетті оқушылар іс- әрекеттеріне баға беріп, кейіпкердің мәнез- құлқын сипаттайды.
ҚБ. Дескриптор бойынша:
- кейіпкерлердің іс- әрекеттерін салыстырады;
- кейіпкерлерге мінездеме береді.
5- тапсырма
Ертегіні әрі қарай қалай жалғастырар едің? Оқушыларға оқиға қосып, ертегіні жалғастырып жазу тапсырмасы беріледі.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.
ҚБ. Дескриптор бойынша:
• мәтінге оқиға қосып, аяқтап жазады;
• өз ойын жүйелі жеткізеді;
• сөздер мен сөйлемдер қатесіз жазады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 057



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі