Шығарманың композициясын анықтау Серік Нұғыман «Сәлемдеме» (4 сынып, II тоқсан)

 Шығарманың композициясын анықтау  Серік Нұғыман «Сәлемдеме» (4 сынып, II тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы:Шығарманың композициясын анықтау Серік Нұғыман «Сәлемдеме»
Оқу мақсаттары: 4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғаларадың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру
4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау
4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шығармадағы маңызды тұстарды анықтайды, композициялық құрылымын өрсете алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтай алады;
Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда ашық сұрақтар құрастырады, шығарманың композициялық құрылымын сұрақтар арқылы анықтай алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөле алады;
Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтайды, сұрақтар арқылы талдайды, салыстырады, шығарманың композициялық құрылымын өздігінен анықтай алады, оқылған шығарманы бөліктерге бөліп ат қояды.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
(Ұ) «Ассоциативті қатар»ойыны.
Тақтаға бөлім тақырыбына байланысты «Сәлемдеме» сөзі жазылады. Оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: сыйлық, қорап, амандасу, дорба, хат, жыл және т.б.
Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.
1-тапсырма. Көрейік.
(Ұ) «Сәлемдеме» әзіл-ысқақ бейнеролигін көру.
«Бір қадам алға...» ойыны.
Тақтадан столға дейін жол белгілеп тыңдалған өлеңге байланысты сұрақтарды мұғалім қояды. Жауап дұрыс болса, мұғалім бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Осылай столға жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырылады.
Сұрақтар:
- Бейнероликтегі сәледеме туралы не ойлайсыңдар?
- Сәлемдеме деген не?
- Сәлемдеме кімдерге беріледі екен?
- Бейнероликтегі сәлемдеменің ерекшелігі қандай?
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойын еркін айтуға үйренеді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Сәлемдеме берудегі даритын құндылықтар атауларына байланысты «Сыйластық», «Құрмет», «Достық» сөздері арқылы сыныптағы оқушылардың санына байланысты топтарға бөлу.
Сабақтың ортасы
2-тапсырма
(МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісі
Оқушыларға «Сәлемдеме» әңгімесін оқу ұсынылады. Бұл әдісте мұғалім әңгімені өзі бастап мәнерлеп оқу моделін көрсетеді, оқушылар жалғастырып оқиды. Мәтінді оқып болған соң талқылау жүргізіледі.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Жарасты әрі әдемі дәстүрдің бірі осы сәлемдеме. Ол адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тағамы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат, бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме әкелген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады. Үлкендер мұндайда көзіне жас алып, оны көрші-көлемдеріне, балаларына айтып мақтанады, сол адамды еске алады. Сәлемдеме – адамды адамның ұмытпай жүруінің, берік достығының, адал көңілінің алтын кілті. «Сәлем берген саулық береді» дейді халық. Ал сәлемдеме берудің мән мағынасы одан да биік.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы мәтін мазмұны бойынша бірлесіп, тізбектеп оқуға ілесуде қиналған оқушыларға сөзбен ынтылындыру сөздері арқылы қолдау көрсетіледі.
(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы талқылау барысында оқушылардың жауабы ұжымда өзара бағалау ұсынылады.
3-тапсырма
(Т) (МК) «Идея туралы ойлар» стратегиясы
Оқушыларға топтасып оқылған әңгіменің мазмұны бойынша түсінгеніне қарай сұрақтар құрастырып, ойларын айту ұсынылады. Әрбір топ ұсынылған «құрт, көрші, жақсы көршіміз, жақсы адамдар, қазақтың ас-тамағы, елдің дәмі» сөздері мен тіркестерінің мағынасын ашуға тырысады. Ойларына талдау жасап, пікірлерін салыстырады.
Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашып, сыни ойлау дағдысын дамыту керек.
Мысалы: «_...идея туралы қалғандары не ойлайды?
Әңгіменің мазмұны бойынша оқушылар сұрақтарды жеке құрастыртуға болады. Сұрақ құрастыруға уақыт беріледі. Жұпта, топта талқылайды. Ортақ қорытындыға келіп топтан 4-5 сұрақ ортаға шығарады, өз ойларымен бөліседі.
Топ кеңесе отырып, өз ойын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен топ басшысы берілген уақыт ішінде (5мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топтың ойын жеткізеді.
Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлінеді. Тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастырылады. Оқушылар сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге ынталандырылады.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі. Әр топ жаңа сөздерді әртүрлі идеялар ұсынуы мүмкін деп болжанады. Идеяларды талдау және салыстыру барысында ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) Тыңдалым-айтылым және оқылым дағдыларының мақсаттарына сәйкес «От шашу» әдісі арқылы әр топтың жаңа сөздерге берген идеялары бағаланады.
4-тапсырма
(ОТ, МК, Т,Ө) «Оқиға картасы»
Әр топқа оқылған әңгіме мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтау ұсынылады.
Әр топқа картаның үлгісі таратылады. Оқылған мәтін мазмұнын топтасып талқылап, оқушылар әр оқушы өздігінен берілген критерийлер бойынша картаны толытырады. Әңгімеден мыналар анықталады: сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі
1. 1.басталуы 2. 2.дамуы 3.шиеленісуі
5.шешімі 4.шарықтау шегі
Картаны өздігінен толтыру арқылы оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі
Оқушылар шығарманың композициялық құрылымын анықтауда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.
ҚБ: Дескрипторлар бойынша бағалау.
- шығармада оқиғаның басталуы мен дамуын белгілейді;
- оқиғаның шиеленісуін көрсете алады
- оқиғаның шарықтау шегі мен шешімін көрсете алады.
Көркем шығарманың композициялық құрылымын анықтап, парактарына белгіленген жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 255



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?