Шығарманың жоспарын құру «Аңшы ата ізімен» (табиғат новеллалары) шығармасын (4 сынып, I тоқсан)

  Шығарманың жоспарын құру «Аңшы ата ізімен» (табиғат новеллалары) шығармасын  (4 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру «Аңшы ата ізімен» (табиғат новеллалары) шығармасын
Оқу мақсаттары: 4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды.
Сабақтың басы
Ширату жаттығу. (ЖЖ). Бұл кім?» ойыны. Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады.
Сабақ мақсаты: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді.
Сабақтың ортасы
1- тапсырма
(Ө) «Белгіле» әдісі. «Аңшы ата ізімен» мәтіні оқылады.
1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.
2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.
Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Қ/Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.
2-тапсырма
(Т) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Аңшы атай әңгімесінен белгілеген бөліктерге ат қойыңдар.
1. Топтар өздерінің белгілеген бөліктері бойынша талдап алады.
2. Сол бөліктер бойынша ат қояды.
3. Бөліктерге қойған аттарын жалпы топқа таныстырады. Неге олай атағандарын түсіндіреді.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.
Қ/Б «Бағдаршам»
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
3-тапсырма
(Т)1.Мұғалім әр топқа мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруды ұсынады.
2.Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.
3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Жоспар:
1.Аңшы атайдың қамығуы
2. Аңшы атайдың өкініші
3.Жас лақтың зулап бара жатқаны
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.
Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды
4-тапсырма
(Ө) «Сөйлеу құрылымдары» әдісі.
Аңшы атайдың іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалап жаз.
«Менің ойымша, ............ мұның себебі............»,
«Мысалы, ................»,
«Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............» сияқты кіріспе сөздер тізбегі берілген.
1.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
2.Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша оқып береді.
Қ/Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 858



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі