Тәуелсіздік күні Бостандық таңы атты Ш. Құдайбердиев (3 сынып, IV тоқсан)

 Тәуелсіздік күні Бостандық таңы атты Ш. Құдайбердиев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік күні Бостандық таңы атты Ш Құдайбердиев
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру ;
3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Көптеген оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқи алады, сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
Кейбір оқушылар:өлең мазмұны бойынша шығармашылық сұрақтар қояды, жауап береді.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым –деп шеңберде сәттілік тілеп, «1,2,3,4» санақ жүргізу арқылы топқа бірігеді.
1-топ - «Еркін»
2-топ - «Тәуелсіз»
3-топ - «Азат»
4-топ - «Егеменді»
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру,
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ж,Ұ) «Қазақ хандығы» бейнежазбасын тамашалау.
Бейнежазба бойынша жетелеуші сұрақтар қою.
1. Бейнежазбадан не көрдіңдер
2. Қандай ой түйіндейсіңдер?
Ендеше осындай тәуелсіздікті армандаған, аңсаған аудармашы, тарихшы әрі философ Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңімен танысамыз.
(Ж,Т) Ш.Құдайбердиевтің «Бостандық таңы атты» өлеңін «Ортадағы қалам» стратегиясына сүйеніп шынжырлап оқиды.
«Түртіп алу» әдісі арқылы өлеңді оқу барысында түсінбеген сөздерінің астын белгілеп, шешімін бірлесе отырып табады.
Үлгі:
Бостандық- еркіндік, азаттық
Ақиқат – шындық
Араз болу - келісе алмау
Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
(Б) «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды.
2-тапсырма
(Т) «Даналық ағашы» әдісі
Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақ пен берілген жауап бағаланады.
Үлгі:
-Нелерден аулақ болу керек?
-Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар айтылады?
- Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?
- Өлеңдегі жақсы және жаман қылықтарды ажыратып айта аласың ба?
- Өлеңге басқаша қандай ат қоюға болады?
-Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді?
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.
(Б) «Қол шапалақтау»
Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау.
3-тапсырма
(Т, ЖЖ) «Ой қозғау” әдiсi.
Топтарға:
1. Шоқан Уалиханов кім?
2. Ш. Уалихановтың ақыл сөзінің өлеңге қандай қатысы бар?
3. Жақсы мен жаман қасиеттер туралы тағы кімнің өлеңімен таныстық?
Саралау: Баланың тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, қызығушылықты ояту.
(Б) «Мадақтама» әдісі Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.
4-тапсырма
(Ө,Т) Талдау «Дөңгелек үстел» әдісі
Тәуелсіз ел балаларына хат жаз.
Сөйлем саны топ мүшелерінің санына қарай шектеулі, мысалы, топта 5 оқушы болса хат тек 5 сөйлемнен құралуы керек.
Топ мүшелерінің біріншісі хаттың алғашқы сөйлемін жазып, жанындағы оқушыға береді, ол оқушы хаттың екінші сөйлемін жазып келесі оқушыға береді, ол оқушы да үшінші сөйлемін жазып келесіне береді. Осылайша топ мүшелері бірінің жазғанын бірі толықтырып ортақ 1 хат жазып шығады
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, күтілетін нәтиже әртүрлі болады.
(ҚБ) Дескриптор бойынша бағалау.
- өлең мазмұнын түсінеді;
- сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;
- өз ойын жеткізуде мақал – мәтелдерді қолданады;
- сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 504



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі