Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Теңіз суы неге ащы? (филиппин ертегісі) (3 сынып, IV тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Теңіз суы неге ащы? (филиппин ертегісі) (3 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҰБТ. Қазақ тілі пәнінен қалай дайындалған дұрыс?

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Теңіз суы неге ащы? (филиппин ертегісі)
Оқу мақсаттары: 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады және жауап береді, шығарма кейіпкеріне хат жазады
Көптеген оқушылар: ертегі бойынша ашық және жабық сұрақтар қоя алады, хат жазуда кейіпкердің ерекшелігін ескеріп жазады
Кейбір оқушылар: кейіпкердің жасаған іс-әрекетіне баға бере отырып хат жазады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
(Ұ; МК) «Жасырын сөздер» ойыны
Бір оқушы ортаға шақырылады. Мұғалім артында тұрып, бірнеше сөздерді жасырады (параққа жазып көрсетуге болады), ал қалған оқушылар орнында тұрып ым-ишара арқылы ғана сол сөзді түсіндіреді. Ортадағы оқушыға қандай сөз жасырылғанын табу ұснылады. Жаттығуды орындау барысында оқушылардың қиялы дамиды, белсенділігі артады.
Сабақтың тақырыбына байланысты үлгі суреттер: достық, бірлік, қол ұшын беру, теңіз, ащы
Оқу мақсатын хабарлау.
- Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жауап беруді, сюжеттің дамуын болжауды, хат жазуды үйренеміз. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Т) Теңіз суының дәмі қандай?
1. Берілген сұрақ бойынша оқушылар өз топтарында ортақ бір шешімге келеді. Топтың барлық мүшелерінің ойы тыңдалады.
2. Әр топ өз жұмыстарын «Кезбе тілші» әдісі бойынша таныстырып шығады. Әр топтан бір тілші жіберіледі. Тілші сұрақты қояды, оқушылар өз жауаптарын береді. Тілші ретінде микрофон ұстаған оқушы жіберіледі. Микрофонды оқушыларға мұғалім береді. Тілші ретінді 4 оқушы таңдалады. Тілшілер кезекпен барлық топтарды тыңдайды.
3. Барлық топтардың жұмыстары тыңдалады. Тілшілер өздеріне ұнаған бір жауаппен бөліседі.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі.
Қ/Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.
2-тапсырма
(МК, Ұ) «Аялдама» әдісі бойынша оқушыларға «Теңіз суы неге ащы? филиппин ертегісін аялдау арқылы бөліктермен оқу ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсете отырып, алдымен бірінші бөлікті оқытады. Әр аялдамада оқыған бөліктеріне оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар қою арқылы әр топ ақылдасып ойларын ортаға салады.
Үлгі сұрақтар:
1-аялдама: Адамдар Анголадан неліктен көмек сұрады?
2-аялдама: Адамдарды теңізге неге ертіп келеді?
3-аялдама: Теңіздің суы неге ащы?
Сұрақтарға жауап алынады.
Мұғалім мәтін мазмұны бойынша әр аялдама сұрақтарын ауыстыра алады.
Әңгімені тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Саралау: Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. (ҚБ) Оқушыларды мәтінді оқып түсінгендері «Басбармақ» әдісі арқылы өзара бағаланады.
3-тапсырма
(Т) «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісін қолдана отырып ертегі мазмұны бойынша қолдануға, практикалық бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап беру тапсырылады.
Мұғалім мәтін мазмұнына байланысты біржақты қысқа жауапты талап ететін «Жұқа сұрақ» және толық жауапты талап ететін «Қалың сұрақ» үлгілерін дайындап, таратады.
Үлгі сұрақтар:
«Жұқа сұрақ» «Қалың сұрақ»
-Ертегі кейіпкерлері кімдер?
- Ангола кім? - Неліктен теңіз суы ащы, ал өзен суы тұщы болады деп ойлайсың?
- Анголаның орнында болсаң сен не істер едің?
Тақырыпты қарастырғаннан кейін әр топқа үш «жұқа» және үш «қалың» сұрақ құру ұсынылады. Оқушылар бір-біріне құрастырған сұрақтарды қойып, мәтіннен жауаптарын оқиды.
«Жұқа сұрақ» біржақты қысқа жауапты талап етеді. «Қалың сұрақ» таратылып жазылған толық жауапты талап етеді.
Саралау. Қорытынды тәсілі арқылы жүргізіледі. Кейбір оқушылар жауабы оңай қарапайым сұрақтар құрауы мүмкін. Қабілеті жоғары оқушылар кең көлемді, жауабы ойландыратын күрделі сұрақтар құрауы мүмкін. Оқушылардың деңгейлеріне қарай әртүрлі сұрақтар мен жауаптар күтіледі.
(ҚБ) Оқу мақсатына сәйкес «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.
4-тапсырма
(МК, Ө) «RAFT әдісі арқылы оқушыларға «Аноглаға» хат жазу тапсырылады. Оқушылар мәтін кейіпкері атынан өзіне жазбаша тапсырма жазу арқылы кейіпкердің атынан талқылау, баяндау, ой жүгірту, әңгімелесу іс-әрекеттерін жүзеге асыра отырып, сыни ойлау дағдылары дамиды.
Мұғалім кейіпкерге хат жазудың үлгісін ұсынады.
R-рөлі, A- аудиториясы,
F- формасы, T-тақырыбы
Жазылым жұмысы тақырып таңдаудан басталады. Тақырып бойынша рөл белгіленеді. Келесіде оқушы жазылым жұмысының формасы мен аудиториясын таңдайды. Хаттың соңында өзіндік пікірін жазады.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету. Қолдауды қажет ететін оқушыға сұрақ қоюға немесе сюжеттің дамуына сүйеніп талдауға бағыт беруге болады.
Қ/Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды тақырып бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат деген жұмбақ сезім



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle